Осы жұрт "Шымкентский" десе неге шошиды?

Аягөзден бір кісі келген. Қарындасы Шымкенттің Қазығұртына тұрмысқа шығады екен. "Ол жақта ерте тұрып, есік алдын сыпырады, үйіндегілеріне, ауылындағыларға түгел сәлем салады екен ғой. Қызымыз осының бәріне шыдап тұра ма? Сол уайым болды..." дейді. Аға-ау, сәлем салу соншалықты қиналатын іс емес қой. Қайта батасын алады" дедім "уайымын" сейілткен боп. Шын мәнінде, осы жұрт Шымкент десе, неге шошиды? Баяғы естіп алған "ойбай, шымкентскийлерге жолама, олар келінге бүйтеді, сөйтеді" деген қырық жылғы әңгімеден үркіп... Дәл солай дейтіндердің не қызы, не баласы шымкенттікпен отбасы құрады. Ал, дәп солар ойлағандай келінді күң етіп жібермейді ғой. Келісесіңдер ме? Шымкентке де өркениет келген жоқ па? Таза шымкенттік ретінде әлгіндей пікірлер "бесит" уже.

Д. Мыңжасарқызы,

facebook.com