Біздің жұлдыздардың бәрі неге жағымпаз?

8
12378


Украинада София Ротару мен әлем чемпионы Виталий Кличко кезінде «сары төңкерісшілдерді» жақтады…

 Осы біздің жұлдыздардың бәрі, әнші-әртіс болсын, спортшылар болсын, кәсіпкерлер мен тележүргізушілер, журналистер болсын, бәрі таласа-тармаса «Нұр Отанның» қорасына кіріп жатыр. Саясаттан хабары бары да, жоғы да… Қазақ тілін білетіні де, білмейтіні де… Ертең Елбасы орнын мұрагеріне тапсырып, басқа Президент келсе, ол басқа партиядан болса, сонда бұлар қайтеді? Жаппай «Нұр-Отаннан» шығып, жаңа президенттің жаңа партиясына жөңкіле көше ме? Бұларда азаматтық, ұлттық ұстаным бар дегенге сене алар емеспін…
Мысалы, кезінде Украинаға өзгеріс пен жаңару әкелген «сары төңкеріс» кезінде қақаған мұзда жатқан көтерілісшілерге әлемге әйгілі әнші, Украинаның халық қаһарманы София Ротару бәліш тасып жүргенін телеарналар көрсетті. Ал әлем чемпионы, боксшы Виталий Кличко болса, бүкіл дүние жүзін дүбірге бөлеген финалдық жекпе-жегіне белбеуіне төң­керісшілердің белгісі – сары мата тағып шықты… Міне, елдің Ыбырайлары Ыбырай да, біздікі кілең… Ал біздің қаһар­ман әншіміз азаннан кешке дейін «намазын» «ақпатшамсыз» оқы­майды… Біздің спортшылар әлемдік додалардан келгенде үйлерінен бұрын, «Нұр Отанға» кіріп шығады… Әрине, әркімнің өз саяси ұстанымы бар, оған бәлен дей алмаймыз. Бірақ бұл жердегі жаппай нұротаншыл болуда жағымпаздық пен ішкі бақай есептің исі шығып тұрады… Ал Сіз қалай ойлайсыз, қадірлі оқырман?

Қ.СЕЙХУНИ

8 ПІКІРЛЕР

  1. Масқара тірлікті жою керек.Бұл Назарбаевтың сөзіне ән жазған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,қазақстанның халық артисі, қырғызстанның ел артисі Алтынбек Қоразбаев. Төмендегі әндер мен Қара пиманы, Қара жолмен сықырлап арба келеді, қырғыз-қазақ жоқтау әнін Қара кемпір етіп жекешелендіріп алған тұлға. Барлық атақты жағымпаздықтың арқасында алып отыр. Сұраққа жауап бердім ғой деймін.
    Астана. 12 февраля. — КАЗИНФОРМ
    В Союзе композиторов Казахстана (СКК) большой переполох, пишет газета «Экспресс-К».

    Как выяснилось, отдельные авторы, глазом не моргнув, присваивают себе музыкальные произведения, написанные их же коллегами. Этот случай называют беспрецедентным. Все участники этой «музыкальной драмы» являются членами Союза композиторов.

    В прошлом году Муратхан Егинбаев и Марат Илиясов обвинили своего коллегу Алтынбека Коразбаева в том, что он выдает песни «Аңсағаным аулым» и «Сарыарқа сазы» за свои «Қызым саған айтамын» и «Сарыарқа». СКК собрал экспертную комиссию, которая установила идентичность песен и обоснованность претензий Егинбаева и Илиясова.

  2. Өте орынды көптің ойында жүрген сауал. Бұл бүгінгі қоғамға қалыптасқан, дерт, ауру.Өздерің көріп, біліп отырған референдум мәселесі.Азаттық радиосында бейнеленген жоғары эшолондағы шенеуіктердің балеттегі әйелдердің юбкасын кигізіп түсірген суреттерін көрсең бүгінгі күннің анық бейнесін көресің. Бұл Алматыдағы Сайын көшесіндегі сайқалдар мен саясаттағы сайқалдардың ұқсастығын көрсетеді. Сайын көшесіндегілер тәнін сатқанға намыстанбай тапқанына мәз болса, жағымпаздар сол жағымпаздығына қорланудың орнына масаттанады, дуылдата шапалақ ұрып мәз болады. Бұл өлім, бұл ұрпақтар алдында ұят

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз