Кемеңгерлеріміз көрінген елге көпшік бола бере ме?

ҚР Сырты істер минтстрі Ерлан Ыдырысовтың,

Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтың,

сонлай-ақ Қазақтың барлық арлы-намысты ұл-қыздарының назарына!

020Қытайдың Құлжа қаласында тұратын ұйғырлар мен ханьзулар Қазақтың ұлы жазушысы, ұлтымыздың ары мен ұжданына айналған ұлы перзенті Мұхтар Әуезовтің портреті бейнеленген кілемшені шағын мотоциклдеріне көпшік ретінде пайдаланып, жолаушылардың құйрығына төсеп қойғанына біраз уақыт болыпты. Ондағы қазақ зиялыларының наразылығын жергілікті билік мүлде ескермей отырған көрінеді. 021Осыған байланысты Е.Ыдырысов пен Ш.Нұрышевтан бұл мәселеге қатысты ҚХР үкіметіне наразылық нотасын тапсырып, Қазақ халқын қорлап отырған жағдайға тосқауыл қоюын талап етейік!!!!

Дүкен Мәсімханұлы

qazaquni.kz