Қазыбек Иса. ӨРГЕ ЖҮЗІП КЕЛЕСІҢ ӨРШІП АҒЫП...
2016 ж. 12 мамыр
4218
12

АҚИЫҚ
Ислам Әбішевке
Тереңдік бар тегің мен зейініңде, Имандылық ұйыйды мейіріңде. Оңтүстікте Ордалы орның бөлек, Шардарадай шалқиды пейілің де. Қайратың бар қайнаған құрыш дара, Ынтымақтан туады ырыс қана. Өскеменді өзгерттің өскелең ғып, Шыққан күнмен жарысып Шығыста да! Еңбекте ғой Ер нарқы, сірә да ұқсақ, Бұзды қамал бұландай бұлалық шақ. Өз ұлдарын әскерге жібергендей, Шығыстықтар қимады шығарып сап… Кең далаңдай көңілің, көрші барып, Туған жерге шығады жол шұбалып… Судай таза болған соң өмірде бұл, Өрге жүзіп келесің өршіп ағып… Көкірегің көмбедей күй алаңы, Жүректерге әр ісің ұялады. Қанат сыйлап халқыңның ықыласы, Ақиыққа айналдың қиядағы! Намазына қосатын жандар барда, Жеткізеді Алла өзі армандарға! Көмегіңді көрмеген дарындар аз, Бәрі қазір айналды тарландарға! Сырдай сырбаз көңілі сырлас аға, Ақ тілекті ел айтар нұрға сана. Айтып бітпес Алашқа қадіріңді, Ақын біткен Алпыс күн жырласа да… Жайсаң Ерім, жаның жаз, шуақ дерсің, Арыныңды алапат ұнатты ел шын! Орда бұзар Отыздың екеуі – Алпыс! – Екі есе енді Құдайым қуат берсін! Қазыбек ИСА, ақын, Халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлық – “Алтын Күз” орденінің иегері qazaquni.kz Тақырып тарауы: ҮЛКЕН ЖЕРДЕ ТУҒАН СОҢ ЗАТЫҢ БӨЛЕК… Мемлекет және қоғам қайраткері, ұлттық өнер мен әдебиет жанашыры, белгілі меценат Ислам Әбішев алпыс жасқа толды. http://www.qazaquni.kz/?p=51267