Сайқымазақ концертінің күнін сайқымазақтықпен қайта ауыстыра ма?

Енді Тұрсынбек Қабатовтың концертін қайтадан 9-ына ауыстырар ма екен?))) Сәкен Сыбанбай qabatov   Белгілі  әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың Алматыда 9 мамырға жоспарланған әзіл-сықақ кеші жер сату туралы заңға қатысты республика бойынша наразылық митинг жоспарланған күнге -21 мамырға ауыстырылғаны белгілі. Енді белгілі журналист Сәкен Сыбанбай айтқандай, сайқымазақтың концертінің күнін ауыстыруы да, қызметіне сай сайқымазақтықпен қайта ауыстырылып жатса, таң қалуға болмайды... Бүкіл қазақ елі жер тағдырын ойлап, қан жұтып, Өзінің туған облысы Орал елі митингіге шығып, ашына күңіреніп жатқанда, арзан күлкіні ғана ойлаған Қабатов енді қайтер екен шынында...