«Түркия- Қазақстан 23 сәуір балалар мерекесі» атты шараға шақырамыз

Afiş -23 Nisan 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі аясында 2016 жылғы 23 сәуір, сенбі күні Түркия республикасының Қазақстандағы елшілігі, Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығы бірлесе отырып, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Түркия- Қазақстан 23 сәуір балалар мерекесі» атты шара ұйымдастырады. Аталған бағдарлама  шеңберінде сурет салу мен шығарма жазудан жарыс, әртүрлі ойындар мен би қойылымдары жоспарлануда.           Сурет салу мен  шығарма жазу жарысына қатысу үшін жұмыс ұсыну үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде аяқталады. Жарыс  қорытындысы бойынша барлық категорияда бірінші орынға Notebook, екінші орынға iPad пен үшінші орынға фотоаппарат беріледі. Жүлделі орындардан тыс ынталандыру сыйлықтары да беріледі.           Барлық балаларды жарысқа қатысуға және 23 сәуір күнгі шараға шақырамыз.            Жарысқа  қатысу шарттары төмендегі сілтемеде берілген. 
qazaquni.kz