Қазақтар өздерінің парасаттылығымен ерекшеленеді - Патшалық Ресей тыңшысы
2016 ж. 14 наурыз
2473
0
Қысқасы, бұл халық қалай болғанда да дәл қазіргі жағдайда, мысалы, қалмақтар, башқұрттар және т.б. бұратаналар сияқты құрып кетпейді, әлі өсіп-өнеді және жетіле береді.
ХІХ ғасырдың басында патша өкіметінің тапсырмасымен қазақ даласының құнарлығын, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған экспедицияны басқарған Феодор Андреевич Щербина өзінің «Киргизская народность в местах крестьянских поселений» атты жазбасында қазақтардың 13 түрлі кемістігі мен 12 түрлі жақсы сипаттарын атап көрсетіпті. (Бұл деректі Ғани Абайұлы деген адам ертеде жариялаған көрінеді, осыны кезінде қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев көшіріп алған). Сонымен: Қырғыздың (қазақтың) жағымсыз жағынан мінездейтін 13 қадыр-қасиеті. Атап айтқанда:
- Өзіне шынайы сүйіспеншіліктің жоқтығы;
- Табансыздық;
- Сөздегі айнымалылық;
- Жалғаншылық;
- Сөз құмарлық, (мылжыңдық);
- Пайдакүнемдік;
- Аңқаулық;
- Арызқойлық;
- Дауқұмарлық;
- Даңғойлық;
- Айлакерлік;
- Құмарпаздық;
- Мақтаншақтық.
…Бірақ, осы жағымсыз жақтарымен қатар қырғыздың өзіне тән жақсы қадыр-қасиеттері бар, атап айтқанда:
- Діни көзқараста қырғыз фанат емес және ерікті діншіл (дінде ерікті);
- Сауда және экономикалық салада ол адал және өз сөзіне табанды
- Ақыл-ой жағынан қызыққыш және білуге құмар;
- Қырғыздар өзінің парасаттылығымен (салауаттылығымен) қатты ерекшеленеді.
- Маскүнемдік және спиртті ішімдікке құштарлықтың жоқтығы
- Балаларына сүйіспеншілігі өте жоғары
- Өтінішті жерге тастамауы (тікелей аударса – өтініш жасауға оңайлық)
- Үлкендерді құрметтеу – ақсақалдарды, сондай-ақ, халықтың танымал өкілдерін құрметтеу;
- Таңғажайып бейбітсүйгіштігі, соғыстың тұтануынан жасқанатыны – қырғыз халқын ең жағымды жағынан бейнелейді
- Мүмкін оның үнемі табиғатпен қарым-қатынаста болуының арқасында шығар, қырғыз шын мәнінде ақын.
- Ол ән салуды және поэтикалық әңгімелер мен аңыздарды тыңдауды сүйеді;
- Дене бітімі жағынан қырғыздардың денсаулығы жақсы әрі қатты шыныққан;
Қысқасы, бұл халық қалай болғанда да дәл қазіргі жағдайда, мысалы, қалмақтар, башқұрттар және т.б. бұратаналар сияқты құрып кетпейді, әлі өсіп-өнеді және жетіле береді.
Бекен Қайратұлы
Дерек көзі: namys.kz