ҚҰТТЫ ЖАСТА АРАЛДЫҢ АҚ АРЛАНЫ

Онғарбаев (1)Бойшаңдығымен емес ойшаңдығымен, қайсарлығымен емес, жайсаңдығымен, еліміз елеулісі, халқымыз қалаулысы болып жүрген асыл азамат, ардақты ағамыз  Оңғарбаевтың Пайғамбар жасы -  63 жасқа толуына арналады. І Қыстың соңғы сәтті айында  -  ақпанда, Гүл  иісті  көктем  келе  жатқанда, Арал бойы бір шаттыққа бөленді, Бұл  өмірдің  Сіз  есігін  қаққанда! Содан бері алпыс үш бел асыпсыз, Буырқанып өзендейін тасыпсыз. Ізгіліктің  ізшіл нұрын бойдағы, Жүрген жерге  аямай-ақ шашыпсыз! Еңбегіңіз еліңізде еленген, Жақсы өттіңіз «Еңбек» деген белеңнен. Көріңізші енді бейнет зейнетін, Тыныс алып қуанышпен тереңнен. Мінезіңіз моншақтай мірге тізген, Сыңарындай аққудың бірге жүзген. Өмірдің теңізінде жеңгемізбен, Шаттық орын мәңгі алғай іргеңізден! Ұлың жақсы – ол көктегі жұлдызың, Қызың жақсы – жағаңдағы құндызың. Алтын жеңге еңбегінің жемісі, Тәрбиелі болып өсті ұл қызың. Өткен өмір болмысыңыз ізі шын, Немерелер «Ата» десе Сіз үшін, Одан асқан бақыт бар ма әлемде, Кіргіздіңіз сол бақытпен сән елге!!! Әр күніңіз шатты болғай шалқыған, Толы болғай мол бақытқа балқыған. Тоқсан бесте сезінгейсіз Жамбылдай Махаббаттың  хош иісін  аңқыған. Алдағы өмір болғай аға баянды, Біз шырқайық көңіліңізге сай әнді. Бәйтеректей бұтақтарын кең жайған, Жалпы жұртқа түсіргейсіз саяңды! Дауылды желдер есуде, Тар жолдар, тайғақ кешуде, Жолаушыға жол сыншы! Таусылғанда тағатың, Үміттің отын жағатын, Ұрпағыңды жалғайтын, Қиялың - көкке самғайтын, Нұргүл менен Нұртаза  -  қос қанатың, Аман да бекем болсыншы! Жасыңыз  жүзге  келсе де, Түспесін салмақ еңсеге. Қарсы тұрыңыз қасқайып, Уақыт күшті жеңсе де, Өзіңіз күтіп баптаған, Иісті гүлдер ішінде. Мейірбан кейпін сақтаған, Көрейік бағбан пішінде! ІІ Кезіңде балалықтың ізі қалмас, Елу аса қылыштай жүзі алмас, Шаттыққа бөледіңіз әкім болып, Қызылорда қаласына барғанда алғаш. Ғалымдардың қалады жазған хаты, Жігітсіз саф алтындай тегі, заты. Туып, өскен тұзды Арал ауданының, Қызылорда қаласы оған қоса, Атандыңыз Құрметті Азаматы! Ағылсын  жас келгенде тіліңнен бал, Жылы сөз бен батаңды таратып қал. Немере, шөберелер мақтан тұтып, Деп жүрсін менің атам кемеңгер шал. Алпыс үшке Сіз келіп қуаныштан, Біздің көкке жетпей тұр сәл төбеміз. Жасыңызға тағы осы жас қосылып, Асқақ болғай қашанда мәртебеңіз!

Аса жоғары құрметпен, әріптес інілеріңіз: Ислам Әлмаханұлы Өмірбек Асықбекұлы Сабырғали Мұхаметқалиұлы Сенбек Сансызбайұлы

21 ақпан 2016 жыл, Астана қаласы