МИҒА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕТІН 10 НӘРСЕ
2016 ж. 10 ақпан
8435
1
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ми - адам ағзасының ең басты мүшесі. Біз онсыз өмір сүре алмаймыз. Ал бүгінгі таңда, яғни ХХI ғасырда мамандықтардың басым көпшілігі ақылды керек етеді. Сондықтан біз миымызды қорғауымыз керек. Алайда ақыл-ойымызға кері әсерін тигізетін әдеттер бар.
Ғалымдардың айтуынша, үндемей отыра беру де миға әсер етеді екен. Ал әңгіме айтып, әрдайым белсенді жүрсеңіз, жаңа сөздер үйренесіз, миыңызды жаттықтырасыз. Олай болса, миға теріс әсер ететін әдеттерме таныс болыңыз.
- Ұйқының қанбауы. Бәріне таныс бұл құбылыс елеулі мәселеге айналып барады. БДҰ-ның мәліметінше, соңғы 100 жылда адамзат ұйықтау уақытын орташа есеппен 20%-ға азайтқан. Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адам бір нүктеге «қадалып» қалады, бытыраңқы жүреді, ұсақ моторикасы бұзылады. Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.
- Таңғы ас ішпеу. Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Бұл түсінікті жайт болып көрінуі мүмкін, алайда мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде, миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.
- Артық қант мөлшері. Алдыңғы тармақта мидың өнімді жұмыс істеуі үшін тәттіні, әсіресе ащы шоколадты не үшін жеу керектігі түсіндірілді. Алайда ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады. Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.
- Стресс. Қатты психоэмоционалдық стресс нейрондар арасындағы арақатынасты ажыратып, жағдайлардың себеп-салдар байланысын және жүйелілігін түсінуді қиындатады. Бұл жүйке жүйенің қатты қозуы мен шарасыздық сезімін тудырады. Жиналып қалған стресс есте сақтауды қиындатып, интеллектуалдық мүмкіндіктерді төмендетеді.
- Стресс. Қатты психоэмоционалдық стресс. Жақсы әсер ететін дәрі-дәрмекке жаппай құмар болу мәселесі әсіресе АҚШ-та өзекті, себебі мұндай дәрілерді сатып алу оңай. Ұйықтататын дәрілер мен ксанакс сияқты танымал антидепрессанттарды ішу есті амнезияға дейін нашарлатуы мүмкін, сонымен қатар жарымес етіп, суицидтік ойларға жетелеуі мүмкін.
- Темекі шегу. Темекі шегудің ағзаға кері әсері жайлы әңгіме қозғалғанда, ең әуелі қарайған өкпе мен құрттаған тістерді елестетеміз. Дегенмен темекінің миға қалай әсер ететіні жайлы көп айтылмайды: никотин қан тамырларын тарылтады. Миға нәрлі заттарды жеткізбеу сияқты кері әсерімен қатар, бұл зиянды әдет Альцгеймер ауруына шалдығу қатерін бірнеше есеге арттырады.
- Күн. Адам ағзасына күн сәулесінің жетіспеуі адамның танымдық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Біріншіден, күн сәулесімен бірге алынатын ультракүлгін, қан айналымын реттейді, яғни оттегі мен нәрлі заттардың тасымалын. Екіншіден, күн сәулесі серотониннің - адамның көңіл күйіне әсер ететін гормонның бөлінуіне әсер етеді.
- Су. Ағзаға судың жетіспеуі ми көлемінің кішірейуіне әкеледі, ал бұл оның еңбекке қабілеттілігін төмендетеді және ақпаратты сақтай алу қабілетін нөлдік деңгейге дейін түсіреді. Күніне шамамен 2 литр су ішу ұсынылады.
- Шамадан тыс көп ақпарат. Жыл өткен сайын адам қабылдайтын ақпарат мөлшері өсіп келеді. Бұл миды жаттықтыру мен оны қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектесетін сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде, шамадан тыс көп ақпаратқа ми қарсылықпен жауап береді. Ол ақпаратты мүлдем қабылдай алмай қалуы мүмкін, кейде тіпті көп нәрсе естен шығып кететін кездер болады.
- Бір мезетте көп ақпаратты қабылдау. Ақпараттық дәуірдің тағы бір дерті: адам бір мезетте бірнеше ақпаратты игеруге тырысады. Нәтижесінде, бірде біреуі лайықты түрде сіңірілмейді, ал ес осы режимге үйрене бастайды. Ақпарат атүсті қабылданады, екіншісіне ауыспай, біреуіне ғана ден қойып орындау күн өткен сайын қиындай түседі.