"О" дыбысын орысшалап "А"-деп емес, өз қалпында, таза қазақша "О" деп оқиық
2016 ж. 29 қаңтар
4648
5
Азаттық радиосында Ғалым Боқаш жүргізетін "Жаһан жаңалықтарын" тыңдап жүрген боларсыздар. Жып-жинақы. Небәрі бес-ақ минутта біраз дүниені айтып үлгіреді.
Бүгін сол Ғалым бауырымыз біздің құлағымызға жағымды, жылы тиетін бір бастама бастапты. Сөздің бірінші буынында келетін "О" дыбысын Ғалекең орысшалап "А" емес, өз қалпында, таза қазақша "О" деп оқыды. Мысалы, кАмпания демей, кОмпания деп!
Құрметті достар, журналистер, бәріміз солай сөйлейікші. Қазақ тілін ҚАЗАҚ ТІЛІ ететін 9 дауысты дыбыс емес пе! Өз дыбысымызды алдымен өзіміз дұрыс айтпасақ, ұят қой елден!
Ауыт Мұқибек, Фейсбук парақшасы