Леонардо Ди Каприо үздік актер атанды

di Kaprio

 http://thechromenews.com/

«Сыншылар таңдауы» (Critics' Choice Movie Awards) жүлдесінің «Үздік актер» номинациясы Леонардо Ди Каприоға бұйырды. Бұл жүлде Ди Каприоға The Revenant (Тірі қалған - ауд.) фильмінде сомдаған ролі үшін берілді. Жалпы жүлдені табыстау рәсімі Калифорнияның Санта-Моника қаласында өткізілді. Айта кету керек, киножүлдені телевизия, радио және интернет-басылымдарда жұмыс істейтін киносыншылар бірлестігі бекітеді. Бұл кәсіби бірлестік құрамында 250 адам бар, деп жазады ТАСС. Дайындаған: Г.Абилова http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/101716-leonardo-di-kaprio-zdik-akter-atandy