“Құнанбай” фильмінде жұрт алдында шешінген жалаңаш әйел көрерменнің ашуын келтірді
2015 ж. 11 желтоқсан
10945
15
Жас келіншектің жалаңаш күйінде көп алдында қазыққа байланған түйенің бұйдасын тісімен шешіп әкету ойыны («тайлақ тарту», я «түйе шешу» деп те аталады – ред.) туралы дәл осы эпизодты ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы «режиссер көрсетпей-ақ қойса болар еді» деп ойлағанын айтады.“Бірақ осы бір шағын эпизод арқылы қазақтың аспаннан түсе қалған періште емес екенін, қазақтың да осындай да бір міні болғанын, қазақтың тарихында бар дүние екенін айтқысы келген. Мұндай үлкен дүниелердің ішінде кішкентай әттеген-айлардың болуы заңды”, – деп тұжырымдайды ол пікірін, деп жазады Азаттық. Мұндай ойын түрі «Тайлақтарту» байқауы соңғы рет Құнанбай әкесі — Өскенбайға, Ерден Сандыбайға ас бергенде өткен деседі. Тәртібі бойынша ең сұлу жеті қыз-келіншек лыпасыз күйінде тізгінделген ақ тайлақты тісімен шешіп алу міндет екен. Бұл картинаға ғалым Ахмет Байтұрсынұлы мұндайды өз басы еш жерде көрмегенін айтады. «Мұндай думан қазақ тұрмысында өте ертеде әбден болуы мүмкін. Қариялардың айтуынша, мұндай бәйге ертедегі аса үлкен ас пен тойларда тағылық түрде көңіл көтеру кезінде тігілсе керек. Суретші Хлудов менімен әңгімесінде мұндайды өз көзімен көргенін айтқаны бар. Алайда сене қою қиын», – деп екі-ұшты солғындау уәжін алға тартады, деп жазады Экспресс-К басылымы. «Бұл ойын рәміздік мағынаға толы: түйе — түркі халықтарында тотемдік жануар деп есептелінеді және тернарлық әлем құрылымы. Ойын Орталық Азияда пуритандық ислам талаптарымен біртіндеп ас рәсімдерінен ығыстырылып шығарылған. Бұл жерде исламның әдептік-мәдени функциясының маңыздылығын атап өткен жөн», – деп пікір білдірген ұлттық ойындарды зерттеуші Мұрғабаев.
Дереккөз: NUR.KZ