Ақын Ибрагим Исаға арналған бильиярд турнирі өтті
2015 ж. 23 қараша
3249
0
Алматыда халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, көрнекті ақын Ибрагим Исаны еске алуға арналған бильярд турнирі өтті.
Қазақ поэзиясында сыршыл өлеңдерімен өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақынның жүрекжарды жырлары қалың оқырманға таныс. Тамшыдай мөлдіреген лирикалық өлеңдеріне екі мыңға жуық ән жазылып, тыңдарманның жүрегінен орын тепкен. Ақын саналы ғұмырында ел мүддесі мен қоғамның түйтклді мәселелеріне де азаматтық үнін қосып өтті.
Өмірден озғанына жылдың жүзі болған лирик ақынды еске алу шарасын ұйымдастыруға «Ақ жол» демократиялық партиясы мен «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігі, марқұмның отбасы және қаламдастары ұйытқы болды. Өзінің қарапайым да сырбаз мінезімен әдеби ортада сый құрметке бөленіп өткен ақын туралы қаламдас інілері мен өмірде емен-жарқын араласқан достары естеліктерімен бөлісіп, аяулы ақынды сағына еске алды. Турнирге ақын-жазушылар мен өнер адамдары қатысып, Ибрагим Исаның адами болмысы мен шығармашылығы жайлы әңгімелерімен бөлісті.
Арнайы өткізілген шараға «Ақ жол» партиясы турнирдің бас жүлдесін таяғайындады. Ақынмен етене араласып, шығармашылығын бағалай білген атымтай жомарт азаматтар да өз үлесін қосты.
"Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметі