Әйгілі Ақыртас қамалын салдырған кім?
2015 ж. 12 қараша
14950
4
Ақыртас - Тараздан 40 шақырым шығысында тау бөктерінде жатыр. Тұла бойы тұтас жұмбақ аумағы 2,5 гектар жерге орналасқан 70-ке жуық бөлмелері бар, 15 колонна галереясы, ортада жарты гектар ашық алаңы бар, сырт қабырғаларының ені 5 метр, 2 метр тереңдікте қазып орнатылған, ірге тасы ірі тас блоктармен қаланған құрылыс нысанының қазіргі сұлық жатқан сұсты көрінісі тап солай.
Ақыртас құрылысын салудан бұрын осы құрылысқа қажет материалдарды қоңыртөбенің астынан іздеп тапты. Ең ғажабы төбе астындағы көмулі құрылысқа жетерлік белгісіз материалдар мөлшерін нендей инженерлік әдістермен анықтап алды десеңізші. Таң қалмай көріңіз. Білім-ғылымсыз, бұл жобаның жүзеге асуы тіптен мүмкін емес еді.
Құрылыс орны қоңыр төбенің шығыс жағына жазықтықта 300 метр аралықта орналастыру жоспарланды. Екі арада қазіргі атауы Ұзын-бұлақ кезінде арнасы кең, мол сулы, сонау 20 шақырым құмға барып сіңіп жатқан, Міне су мәселесі шешілді. Ең бастысы салынатын құрылысқа барлық жетерлік материалдар көздері мен ресурстары анықталып алынғаннан кейін ғана, құрылыстың жалпы жобасы, ауданы, пішімі, аумағы соған лайықталып жасалынды. Қамал құрылысы өте сауатты, геометриялық есептерге сәйкес соншама сәтті атқарылған. Салмақ түсетін топырақ жынысының тығыздығын, жер асты су деңгейі, ғимараттың жалпы жерге түсер салмағы, ірге тасының жерге қазып орнатылуы, осы айтылған ережелер Ақыртаста өте ұқыпты қатаң сақталынған.
Ғимараттың сыртқы қабырғаларының қалындығы 5,5 метр, әрбір мерге 10 см ішке қарай еңкіш (уклон) ережесін қатаң сақтап отырған, Табаны 5,5 метр, төбесі 3,5 метр болғанда сыртқы қабырғасының биіктігі 20 метр болып шығады, Әлгідей зор 5х5 метр 15 тас бағаналар тізбегі күн батыс терістікке қарай қатар орналасқан.
Ұзын-бұлақ тау шатқалынан 4-5 шақырым аралығында осы ғимаратқа су жеткізетін қыш құбырлар желісі тартылған. Үлкен шеңберлі 20-18 см, тұрқы 60 см, ал қамалдың ішкі бөлмелеріне кіші шеңберлі су құбырлары жүргізілген.
Ал судың іргесіндегі Ұзын-бұлақтан тартылмай сонау бастау басынан тартылуы екі жағдайға байланысты болған, Бірінші қамал жау қоршауына қалған жағдайда су жасырын жер асты болуы керек. Екінші су қатып қалған жағдайды ескеріп, сонау шатқалдың 4 шақырым суы мол қатпайтын табанынан тартылған.
Ақыртастың сырт қабырғалары неліктен 2 метр тереңдіктен орналасқан, мұндағы басты мақсат, жау қамалдың астын қазып кіре алмауын қатаң ескерген. Міне, осыларды сараптай келе айтарымыз, Қамалдың қабырғалары қалың, бұзу амалы қиын, су шаймайды, жел мұжымайды, үстінен асып түсе алмайды, биік, астынан қазып кіре алмайды, табаны терең. Іргесіндегі бұлақ суын бегеп тастаса, жасырын жер асты су құбырын жүргізген. Қысында қатты суықтарда бұлақ қатқанмен су қамалға тоқтаусыз келіп тұрған су құбырларын сақтық жасап, іргесінен емес сонау бұлақтың басынан 3-4 шақырымнан мол судың қатпайтын, табынан тартылған. Күн астында жаз айларында жуынып шайыну үшін, қамал ішінде су толтырылған хауаздармен, мәртебелі: хан-ханзадаларға, олардың жанұясына әдейі арналып тастан ойып ванналар (ақыртас) жасаған.
Құрылыстың кескін-келбеті оның жүргізу амалдарын сараптай отырып, қазақ топырағындағы адамзаттың тым әрідегі жүзеге асырмақ болған, көпсалалы инженерлік құрылыс нысаны деп айтуға болады.
Айталық, Мысырдың әйгілі пирамидаларының соғылу тәсілдеріне көз жібертер болсак, сонау 100 метрден аса биіктікке ірі тас блоктарды құрылыстың іргесіне құм-топырақ үйе отырып, сол арқылы тас блоктарды бөрене арқылы сүйреп шығарып, көтеріп қою амалдарын осылай атқарған. Осы тәсілдерді Ақыртас құрылысына да сәтті пайдаланған. Ғимараттың ірге тасының астынан қазып алынған мыңдаған текше метр топырақ жыныстарын сырт қабырғаларына жабсарлап, үйе отырып ауыр тас блоктарды бөрене арқылы сырғата отырып осы әдіспен жүзеге асырмақ болған. Ірі тас блоктармен құрылыс соғу тәсілдері Мысыр пирамидасымен ұқсастығына қарап, Ақыртас құрылысының салыну мезгілі тым әріден басталғанының тағы бір дәлелі осында жатыр. Әрі құрылыстың өң бойы кілең тастармен атқарылуы, ірге тасы, қабырғалары, колонналары, жуынып шайынатын тас ванналар (ақыр тастар), осы тастарды жер астынан қазып алу, жеткізу әдістерін сараптай келе құрылыстың тым ертеде соғылған деген пікірімізді толықтай түседі.
Елжау би мен оның балаларының арасында таққа таласу Елжаудың көзінің тірісінде-ақ басталған болатын. Елжау бидің тақ мұрагері бола алмағанына наразы болған екінші баласы Дулы (Дуғлы) бүлік шығарып, Жөнші биді өлтіріп тастауға сұқтанады.Бұл жайды байқаған Күнму Елжау Дулының өлтіріп тастауынан қауіптеніп, он мың әскермен Жөнші биді бөлек ұстайды. Елжау 10 мың әскерімен өзін қорғап ортада тұрды. Сонымен үйсін елі өз ішінен үш ұлысқа бөлінеді. Бірақ барлығы Күнмуге (Күнбиге) бағынады. (Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір шежіресі, Қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993 жыл, 68 бет)
Сол үш ұлыстың тақ мұрагері Жөнші би қайда орналасты?
Дулы (Дұғлы) би Іле бойында шығыста қалды делік.Ал бас Күнму Елжау би жоғарыда аталған орталық Ыстықкөлде турған болса, Жөнші би 10 мың әскерімен бөлек батыстың қай өңірінде жайғасты?
«Ақыртастан қашық емес 6-8 верст тау бөктерінде Қайынды деген шатқалының етегінде ертедегі қаланын ескі жұрты бар.» (В.Каллаур, Москва 1895 жыл)
Тау бөктерінде бүгінге дейін шатқал атауы үлкен Қайынды болып аталады. Қайынды өзенінің қос қапталында үлкен қаланың ескі жұртының орны бар. Қалаға жер асты су құбырлары тартылып қамтамасыз етіліпотырған. Іргесінде үлкен өзен бола тұра су құбырларының жер асты жасырын жүргізілуі көп нәрсені аңғартса керек. Жай қаланың бірі деуге келмейді.
Ал табылған су құбырлары Ақыртастағы су құбырларымен өте ұқсас, бір шебердің қолынан шыққандай.
Ақыртас пен осы белгісіз қаланың арсында байланыс жоқ па? Жоғарыда сөз болған Жөнші бидің Батыста орналасқан тұрақ жайы-орталығы (ставкасы), осында орналасуы мүмкін ғой.
Елжау бидің өмірінің соңғы шағы, биліктің күш-қуаты қашанда қазына байлыққа байланысты. Тақ мұрагері Жөнші бидің қауіпсіздігі әрі мемлекеттің жиған терген қазына байлығын сақтайтын қорғанысы күшті қамал ретінде Ақыртасты Елжау би неге соқтырмасқа?
Елжау биде байлық та, жұмыс қолы да жеткілікті. Ақыртасқа 1,5 ғасыр аралығында ат басын тіреген археолог, ғалым, тарихшылар басқа да қызығушылар аз болған жоқ. Соның бірі Ивановтың «Акырташ, как на одно из замечательных древних архитектурных сооружении в Туркестане. Для подобной циклопической затей нужно было имеет, огромные средство, необходимо было располагать массой рабских рук и огромными богатствами. На такое дело мог решится какой–нибудь могучий народный властелин». Москва 1885ж. «Известия императорского Русского географического общество» деген журналда берген бағасы.
Ал құрылысты салу үшін болса да тәжіребиелі құрылыс мамандары тас шеберлері қажет. Елжау биге бұл мүмкіндіктің сәті тағы келіп тұр. Қытай патшалығымен құда-жекжаттықтан басқа да қарым-қатынас жақсы орныққан кез. Бұл жұмыстарды атқарып беруге Қытай патшалығы тіптен мүдделі десе де болады. Өйткені Жөнші биге аспан елі патшалығы бір емес екі қызын беріп отыр.Осыдан біраз бұрын Қатайдың атақты алып 4-5 мың шақырым аралығындағы Ұлы қорғаны да аяқталған. Тастан нендей құрылыс тұрғызуға Қытайлықтарда тәжіребиелі сәулетшілер де, мамандарда жеткілікті.
Қытайдың бірнеше мың шақырымдық Ұлы қорғанымен Ақыртастағы құрылыс жұмыстарын салыстырып көрелік: қытай қорғанының ені 5 метр, Ақыртаста да тап солай 5 метр. Ондағы қорған, мұнда қамал, мақсат біреу-қорғаныс нысаны. Сол қорғанның қос қабырғасы ірі тас блоктармен қорап (опалубка) ретінде қаланған. Ал ортасы түрлі тау жыныстарымен толтырылып, арнайы түйгіштермен (трамбовка) нығыздап отырған. Ақыртаста да осы тәсіл тұтас қайталанады. Қытай қорғандарындағы ғимараттардың қақпа -есік-терезлердің маңдайшасы (перемычка) кілең күйген кірпіштерден доғаландырып өріп шығарылған. Ақыртаста осы жобаға лайықталып жасалған.Одан басқа сыртқы - ішкі су құбыр жүйелері, кірпіштерді дайындау, шикі зат, қоспа - құрамалары, сапасы, формалық пішіндері т.б. ұқсастықтары Ақыртастағы атқарлыған құрылыс амалдарына келіп тұр.
Сәулетші-құрылыс мамандары келісе отырып қазіргі Ақыртас орналасқан орын қолайлы деп тандап алынды. Оның өзіндік себебі бар. Қоңыр төбе астында барлап қазып көру барысында ірі тас блоктардың мол қоры бары анықталды. Одан басқа тұрмысқа қолайлы жағы, іргесінде мол сулы тау бұлағы ағып жатыр. 40 шақырым, күн батыс оңтүстік бағытында тоғыз жолдық торабы Далос кейінірек Тараз болып аталатын елді мекен және бар. Ұлы Жібек жолының бойында бір бағытта қатар жатыр.
Елжау бидің қайткенде де бұл қамалды тезірек аяқтап тақ мұрагері Жөнші биге барлық байлықтарын қоса тапсырып, сырт жаудан берік, алынбас қамалмен бекемдеп, кетуге асық, оның қаупі Дулы (Дуғлы) бидің әкеге деген тақ жөніндегі наразылығы. Осыны ескерген Елжау биге Ақыртас қамалы тез аяқталуы қажет еді. Қанша асыққанмен сенім артқан адам күшімен қаржы молдығы құрылыстың тым қиындығына байланысты тез аяқтауға шамасы келмеді. Бүткіл Қазақ рухын, кезінде төңірегіне тұтас мойындатқан, дарынды дара тұлға Елжау би Ақыртас құрылысын аяқтауды үлгермеді. Елжау бидің қайтыс болуына байланысты, басталған істі соңына дейін жекізуге Жөнші бидің де мүмкіндігі болмады. Көп кешікпей басталған жобаны жүзеге асыра алмай шамада б.з.б 103 жылы дүниеден ол ерте қайтты.
Елжау бидің басты арманы, үйсіндердің батыстағы мықты бекініс үшінші орталығы алып Ақыртасты аяқтаудың енді ешкімге қажеті болмай қалды. Ақыртас құрылысының аяқталмауының басты себебі осында.
Құрылыс сол дәуірде соғылған дегенін археологиялық қазба зерттеулерінің нәтижелері растай түседі. 1963-1968 жж. белгілі археолог А. Г. Максимованың Ақыртастың маңындағы 4 бұлақ сағасындағы 6 жыл қазба жұмыстарында ашып зерттеген. 500-тан астам қорғандағы жерленгендер сол Ақыртастың құрылысына белсене қатысқан біздің дәуіріміздің басында өмір сүрген жергілікті үйсіндер ұрпақтары.
Рассмотрев и сопоставив полученный керамический материал, надмогильник и погребальные соружения с усунскими памятниками, известными на территории Семиречья, мы датируем описанную цепочку курганов I-III в.в.н.э (Максимова, А-ата.1971-1976 г.г)
Ақыртас-1 қорымымен Ақыртас-2 қорымында жерленгендер б.з.д. 3 ғасырмен б.з. 3 ғасыр аралығы. (Байпаков,Алматы, 2010ж, 176 бет.)
Демек, бұл қорғанда жерленгендер Ақыртас құрылысы барысында дүние салғандар, олай болса біздің болжамымыздың тағы бір дәлелі ретінде б.з.б. 1 ғасырдың басы деуімізді толықтыра түседі. Ал құрылыстың кескін-келбеті оның атқарылу амалдары мен тәсілдері тағы сол уақыт аралығына келетінін жоғарыда толық дәлелденді.
Ендеше, Ақыртас ғимараты біздің дәуірімізден бұрынғы, үйсіндердің дәуірлеген алтын ғасыры б. д. б. ІІ-І ғасырдың тоғысқан тұсында салынған құрылыс.
Ұлан-ғайыр өлкеміздің мақтанышы алып Ақыртас құрылысы, жалпы қазақ мақтанышы, дана бабаларымыздың маңдай-тері, ақыл-ойы, бүгін бізге жеткен таспен өрілген баға жетпес, өшпес мұрасы, құрылыс сәулет өнерінің тендесі жоқ ескерткіш үлгісі.
Оны жобалағанда, соқтырғанда, соққанда қазақтың дарынды дара тұлғасы-Елжау би. Халқымыздың жирма бір ғасыр бұрын әлемде баламасы жоқ астана-орталығы ретінде соғылған.
Ақыртастың Ақиқаты да, Сыры да, Шыны да осы.
Әттең Ұлы тұлғанның басқаған батыр аяқталған жағдайда әлемдегі өжет кереметтегі хақ ортасында қазақтың киелі рухын асқақтарың тұрар еді.
Ақыртас қамалын салдырған халқымыздың дарынды дара тұлғасы –Елжау би.
Қалмақан ШЕКЕЕВ,
Тарих зерттеушісі, Тараз қаласы.
qazaquni.kz