ЖЫР мен КҮЙ
2015 ж. 19 қыркүйек
2588
1
Бүгін асқар Алтайдың бауырында, өскелең шаһар Өскеменде дүлділ ақын мен бұлбұл күйші Азамат пен Ақжусанның шаңырақ көтерген шаттық тойы болуда! Азамат Тасқараұлы қазіргі қазақ поззиясының биігінен көрініп жүрген тайбурыл талант болса, Ақжусан Иманғазықызы әлемнің өнер ордасы Парижде қазақ күйін күмбірлеткен дарынды күйші. Әйгілі шертпе күйдің шебері Жанғали Жүзбаевтың үздік шәкірті.
Біз республикалық "Қазақ үні" газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы Азамат пен Ақжусанға "Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын, Бақытты болыңдар!"- деп тілек айтамыз!
Ақ отау құрған ақмаңдай жастарға Ақ жол тілеп, Алла жар болсын дейміз!
Ұғып өскен ұлтының бар асылын,
Дарынсыңдар түсінер дала сырын.
Қол ұстасып, әлемге көрсетіңдер,
Жыр мен күйдің әдемі жарасымын!
Қасиетті жыр менен күй кешегі,
Сақтап қалған қазақты сый деседі.
Бақтарыңа сенемін, мен өйткені,
Жыр менен күй мәңгілік үйлеседі!
Екеуіңді жаратқан жар атауда,
Асуларың айналсын Алатауға!
Жұлдыздарың мәңгілік жарқырасын,
Ақ жол ғана тілейміз Ақ отауға!
qazaquni.kz