Нұрғиса Тілендиевтің рөлін сомдауға кастинг жарияланды

111 Қазақстандық «Көркем фильм» киностудиясы ұлы дирижер, домбырашы, композиторы Нұрғиса Тілендиевтің ролін сомдауға актерлер арасында байқау жариялады,  деп хабарлады Gakku арнасының сайты. Басты рольден бөлек, қосалқы образдарды да алып шығуға ынталылар шақырылады. Көп бөлімнен тұратын көркем фильм «Құстар әні» деп аталады. Ұқсас келбеттен бөлек, мінез-құлықтың да сай келуі маңызды, сондай-ақ 45 жастан асқан болуы керек.

Дереккөз: ҚазАқпарат