Қазақстандықтар Құрбан айтқа бір күн демалады
2015 ж. 01 қыркүйек
2188
0
Қазақстандықтар Құрбан айттың бірінші күні 24 қыркүйекте бір күн демалады.
Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады. Электрондық үкімет порталының хабарламасына сәйкес, биыл Құрбан айт 24 қыркүйекке тура келіп, ол күн бейсенбіге түседі.
Құрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.
Ал шариғаттағы терминдік мағынасы “шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал “ұдһия” деп аталады.