Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі “Оскарға” ұсынылмақ

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов түсірген «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы қыркүйек айының ортасында Торонтодағы халықаралық кинофестивальде (Toronto International Film Festival) өтетін болады деп хабарлайды Baistars.kz.

02

«Жат» фильмінің түсірілімі өткен жылы аяқталған болатын. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Фильм продюссері Қанат Төребай байқауда «киномотография өнері мен ғылымдар академиясы» номинация сыйлығына ниетті екенін хабарлаған болатын.

«Торонтода өткелі отырған бұл байқауға қатысу біз үшін үлкен қуаныш. Бұл байқауға қатысу одан кейінгі Оскар сыйлығын алуға үмітімізді арттырады», — дейді ол.

Айта кетейік, фильмнің сценарий авторы және режиссёрі — Ермек Тұрсынов.  Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов сомдайды.

2013 жылы Қазақстан атынан Оскарға «Шал» фильмі ұсынылды.

Дереккөз: Nur.kz