Ринат Зайытов үлкен айтысқа оралды

Астана қаласында  ұйымдастырылған  «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысында Ринат Зайытов бас жүлдені жеңіп алды деп жазды ult.kz.

61EWSDTBVP8-1000x600-mbqtjg573yzer8vli7zwp933h510p8fkk5vt7p0rqo

Фото: ult.kz

16 айтыскер бақ сынаған аламанда топ жарған Ринат ақынға 1 000 000 тг көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.

Айтыста көпшілікке танымал Серікзат Дүйсенғазы (Астана), Айбек Қалиев (Арқалық), Бауыржан Халиолла (Орал), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Ринат Зайытов (Алматы), Иран-Ғайып Күзембаев (Астана), Зура Шәйдімұратқызы (Алматы), Қалижан Білдәшев (Шымкент), Ботагөз Мұхиденқызы (Астана), Ершат Қайболдинмен (Ақтөбе) қатар айтыс сахнасына жаңадан көтеріліп келе жатқан Хазірет Бердіхан (Алматы обл.), Шұғайып Сезімхан (Түркістан), Данияр Алдабергенов (Астана), Саят Әбенов (Қостанай), Дархан Әбдіманат (Тараз), Бек Шмат (Астана) секілді айтыс  жүйріктері өнер көрсетті.

yAmZte_R8ro-1024x710-800x555

Бірінші орынды астаналық ақын Иранғайып Күзембаев иеленді. Екінші орынды шымкенттік  Қалижан Білдашев пен Арқалықтан келген Айбек Қалиев сынды ақындар, үшінші орынды  Серікзат Дүйсенғазы мен  Ершат Қайболдин өз қанжығаларына байлады.

Дереккөз: Ult.kz