«Ақ жол" партиясы журналистерді марапаттады

  [caption id="attachment_37798" align="aligncenter" width="793"]SONY DSC SONY DSC[/caption] Бұқаралық ақпарат құралдары  күні мерекесі қарсаңында "Ақ жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев республикамызға белгілі бірқатар журналистермен кездесті. Басқосу барысында халықтың көзі, құлағы, һәм тіліне айналған, аса зор жауапкершілікті қажет ететін журналистика  саласында қызмет ете жүріп, қоғамда орын алған өзекті мәселелерді қозғау арқылы ел дамуына орасан зор үлес қосып жатқан қаламгерлер қауымын марапаттады. «Ақ жол» партиясының Астана қаласындағы бас ғимаратында өткен құттықтау шарасына өзге облыс орталықтары да онлайн конференция арқылы қатысуға мүмкіндік алды. Олардың арасында «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Зейнолла Абажан, «QAZAQUNI.KZ» ұлттық ақпараттық агенттігінің бас редакторы Азамат Тасқараұлы, «Abai kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат, «GU-GU.KZ» ақпараттық порталының редакторы Ерлан Көбенұлы, «Қазақстан-Zaman» халықаралық қоғамдық-саяси, танымдық газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, «Ақжолтай» республикалық ақпараттық-сараптамалық газетінің бас редакторы Рахат Алтай, «Kazakhstan today» ақпараттық агенттігінің директоры Темір Қуатов, «Хабар» телеарнасы продюсері Лилия Шаймарданова, «Время» газетінің тілшісі Михаил Козачков, «Информбюро.кз» порталының тілшісі Сергей  Туник, "ТДК-42" телеарнасының тілшісі Ақбота Селеупова, "Номад" сайтының қызметкері Юлия Смолиналар бар. Біз де әріптестеріміздің Тәуелсіз еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы еңбектеріне жетістік, кәсібіне өрлеу, шығармашылығына толағай табыстар тілейміз!