ҚР Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңесі мәдени саясатты үйлестіретін болады

ҚР Президенті жанынан құрылған Әдебиет және өнер ұлттық кеңесі еліміздің мәдени саясатын жүзеге асыруда консультативті-кеңесші орган болуы мүмкін, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ахмадиев Орталық коммуникациялар қызметінде. 

«Өзінің «Қазақстан -2050» Жолдауында Елбасы еліміздің ұзақмерзімді мәдени саясаты тұжырымдамасын дайындап бекітуді тапсырған болатын. Мәдениет министрлігі қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыруға бағытталған және заманға сай мәдени кластерлерді құру тұжырымдамасын ұсынды. Басқарушы жобаны үйлестіру мен заманға сай мәдени кластерлердің перспективалы жобасы - ҚР Президенті жанынан құрылатын Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес болып табылмақ»,-деді М.Ахмадиев.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанның мәдени ортасының бәсекеге қабілеттілігі шығармашылық, білім және ғылым, экономика, бизнес, инновациялық технологиялар сияқты бәсекеге қабілетті өнімдер өндіретін заманға сай институционалды құрылымдарды құру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

«Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай мәселелерді жүзеге асыру қажет: азаматтардың рухани адамгершілік қөзқарастары мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық көпалуандылықты сақтай отырып, қазақстандық мәдени кеңістікті дамыту, отандық мәдениеттің әлемдің мәдени ортағына ықпалдасуы, бәсекеге қабілетті ортаның қарқынды қалыптасуына қажетті шарттар қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраларды зерттеу сияқты өзге де бірқатар мәселелер»,-деді ол.

Халық қалаулысының сөзінше, біздің көпұлтты мемлекетіміздің бірлігі мен төзімділігі Қазақстанның басты бәсекеге қабілеттілік қасиеттері болып табылады.  

strategy2050.kz