МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ” – АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН!
2015 ж. 08 маусым
15844
37
МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ” – АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН!
БІР ШУМАҚҚА 20 000 ТЕҢГЕ!
Qazaquni.kz ұлттық порталы қараша-желтоқсан айында жариялаған «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты мүшәйраның алғашқы тақырыбы “Ай – Ару” деген атпен өткені белгілі. Жарық дүниенің жалт еткен бір сәулелі сәтін бейнелеген суретке арнап бір шумақ жазған ақындар саны 52-ден асып кетті. Оқырмандар саны 10 мыңнан асып, 170-тен аса пікір жазылды. Екінші мүшәйра тақырыбы “КӨШ – КЕРУЕН” болды. Өмірдің өзі көш-керуен… 134 пікір жазылып, оның ішінде 71 ақынның жыр шумағы түсті.
Үшінші мүшәйраның тақырыбы – «КӨКТЕМ». Мүшәйраның соңғы іріктеуіне дейін бір айда 50-ге жуық пікір жазылып, оның ішінде 20-дан астам ақынның жыр шумағы түскен. Осы ақындардың өлеңдерін оқып, өз бағасын беру үшін, 5 маусымға дейін 6000-нан астам адам порталға кірген.
Төртінші мүшәйраның тақырыбы – Айлардың сұлтаны – РАМАЗАН!
«Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүміндерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу», - делінген хадис шәрифте.
Рамазан – Хақ Тағаланың мейірім-шарапаты ерекше асып-тасатын айлардың сұлтаны!
Бәрінен асып түссеңіз, оқырмандардың көп дауысын алсаңыз, бір ғана шумағыңыз үшін 20 000 теңге аласыз…
Жеңімпазды оқырмандар пікірі мен әділқазы қорытындысы анықтайды. Бір шумақтан құралған ақындар бәйгесіне әділқазы да бір ғана адам болады. Әр мүшәйрада әр ақын әділқазылық етеді.
Мүшәйраға қатысу мерзімі де ары кеткенде бір ай көлемінде. Мүмкін одан қысқа уақытта да шешілуі мүмкін… Ақындардың жасына шек қойылмайды. Мүшәйраға жолданатын шумақтар бірден оқырман оқып, ойын білдіру үшін пікір-коммент орнына жазылады.
Мүшәйра арналатын сурет сайт редакциясы мен оқырмандар тарапынан да қабылданады.
Жеңімпаз qazaquni.kz ұлттық порталында, сонымен қатар «Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналы мен сайтында және т.б. бірнеше сайттарда жарияланады.
Әділқазылық еткен ақын аты қорытынды шыққанда жарияланады.
Сонымен, бір шумаққа – 20 000 теңге, бір әділқазы, бір демеуші, бір ай мерзім.
qazaquni.kz