Семейде эстрада жұлдыздарының концерті шоу емес, шуға айналды
2015 ж. 20 сәуір
2733
2
Семейде Музарт, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов сынды қазақ эстрада жұлдыздары қатысқан концерт шоу емес, шуға ұласты.
Әншілер бір рет қоятын концерттерін үш рет тегін өткізуіне тура келген. Себебі 450 орынға арналған қалалық мәдениет сарайына халық сыймай далада қалды. Сырттағы күте-күте төзімдері таусылған көрермен есікті қиратып, тәртіп сақшыларына қарсы шықты. Ішке сыймаған жұрттың саны сарайға кірген халықтан 4-5 есе көп. Өнер жұлдыздарын өз көздерімен көргісі келгендер 3-4 сағат далада тосумен болды. Ақыры төзімдері таусылған көрермен есікті қиратып, ішке кіруге әрекет еткен. Халықты сабырға шақыруға шамасы жетпеген тәртіп сақшылары есіктің алдыңғы қатарындағы халыққа газ балон да қолданды, жапа-тармағай есік жақтауына жүгіргендер арасында талып, құлап, жығылғандар да болды. Қауіпсіздікті күшейту үшін Ұлттық гвардия жасағы мен қосымша сарбаздар да шақыртылды. Ақырында қала әкімінің өзі келіп, жиналғандарды сабырға шақырды. “Сағат бес болмай келдік. Адам көп. Әрең кірдік, кіре алмадық. Есіктің бәрін сындырып, шаштарын жұлып, адамдар талып жатты. Үлкен кісілер, балалар бар. Бізді кіргізбейтін болса не үшін тегін шақырды?”, – дейді қала тұрғыны Рысалды Қасымханова.Дереккөз: 31 канал