"Жыр жауһары" поэзия оқулары

 
Қазақтың классик ақындарының шығармаларын интернет кеңістігінде үздіксіз насихаттау мақсатында І республикалық «Жыр жауһары» поэзия оқулары  арнайы жобасын ұсынады. Арнайы жоба интернет байқау түрінде жүргізіледі.
                                  303 (1).jpg
Байқауға қатысу үшін мына шарттарды орындау керек: 
1. Поэзия оқуларына қатысушылар төмендегі ұсынылған ақындардың өлеңдерін (қалаған ақынынан 1 өлең) өзі оқып, оған бейнеролик немесе аудио нұсқасын жасау арқылы қатыса алады.
2. Ұсынылатын ақындар:
  • Абай Құнанбаев
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы
  • Сұлтанмахмұт Торайғыров
  • Мағжан Жұмабаев
  • Ілияс Жансүгіров
  • Сәкен Сейфуллин
  • Қасым Аманжолов
  • Мұқағали Мақатаев
  • Жұмекен Нәжмеденов
  • Төлеген Айбергенов
  • Қадыр Мырза Әлі
  • Тұманбай Молдағалиев
  • Фариза Оңғарсынова
  • Жұматай Жақыпбаев
  • Әмірхан Балқыбек
3. Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
Жеңімпаздарды марапаттау:  
Интернет байқаудың қорытындысы бойынша әр ақынның үздік орындалған шығармалары бойынша жүлделі орындар тағайындалады.
Гран при – біреу ( жүлделі деп танылғандар арасынан)
І орын – 1 (біреу)
ІІ орын – 3 (үшеу)
ІІІ орын – 5 (бесеу)
Арнайы жүлделер – 5 (бесеу)
4. Ұсынылатын жұмыстар 2015 жылдың 1 қарашаcына дейін қабылданады.
5. Ұсынылатын жұмыстарды «Әдебиет порталы» интернет-жобасына тіркеліп, «видео жүкте» тетігі арқылы жолдауға болады.
6. Видео жүктеу кезінде нақты қай оқуға қатысып жатқанын анықтау үшін арнайы хэштег арқылы ақынның аты көрсетілуі керек. Мысалы, #Абайоқулары #Мұқағалиоқулары Байқауға жұмыстарыңызды мына сілтеме арқылы жүктей аласыз.
adebiportal.kz