ҒАШЫҚТАР КҮНІ ШЫН ҒАШЫҚТАР БАҚЫТТЫ БОЛА БЕРСІН!

Qozy Baian ****

Оттай ыстық көріндің де көзіме, Өртеп өттің орнықты қыз ойы ізгі. Жол үстінде жолыққан соң өзіңе, Сұмдық жақсы көріп кеттім пойызды...

 

Арманыма жетті қолым, не керек, Ғашықтардың болмас бәрі шеркеуде... Суретіңді салсам деймін керемет, Мона Лиза қызғанатын көргенде...

 

Тұңғыш рет біздер жоққа шығардық, Шын ғашықтар қосылмайды дегенді... Қозы-Баян қасіретін ұға алдық, Қосқан құдай, өзің қолдап, жебе енді!

                                                  Қазыбек ИСА