Әмірхан «Ауылға қызғалдақ шыққанда барамын» деп еді...
2015 ж. 18 наурыз
3044
2
Былтыр Әмірхан осы уақыттарда ауылды ерекше сағынып, «Дайдидау» әнін қайта-қайта тыңдап, «ауылды сағындым, барып қайтсам ба екен» деп жүрді. Сосын мен де: «Ауылға барып, апамның қасында болып, бір апта демалып қайтсаңшы» дегенмін. Сонда: «Жоқ, қызғалдақ шыққанда барамын» деп еді. Ойламаған жерден арада 15-20 күн өткенде, қызғалдақ шыққан кезеңде Әмірханды мәңгілік мекеніне айналған туған жеріне алып бара жаттық.
О, туған жер, көңілімнің кеңдігі ең,
Мен де өзіңде тамыр жайған өндір ем.
Өзеніңнің ағысымен сырласып,
Ағашыңмен дос боламын енді мен.
Желіңменен жұп құраған жыр едім,
Ол да бір күн үзілерін білемін.
Гүлдеріңе қуат беру үшін де,
Түбінде кеп топырағыңа сіңемін.
Сонда ұғар ма келер ұрпақ, мекенім,
Арасында емен, терек, жөкенің,
Бұтақтары көкке қарай жайылған,
Бір діңіңнің менің қолым екенін, -
деп өзі жазып кеткендей туған топырағы Шардараға жерлеп қайтқан едік. «Өмір – өзен» деген осындайда айтылса керек. Уақыт деген зымырап бір жыл да өте шығыпты. Әмірханның жылдық асын 2015 жылдың 5 сәуірінде туған жері Шардарада бергелі жатырмыз. Келіңіздер, бір-бірлеріңізге айта жүріңіздер, естімей қалғандарды құлағдар етіңіздер.
Мекен-жайы:
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара қаласы,
Төле би көшесі, 77.
«Малика» мейрамханасы,
сағат 13-00.
qazaquni.kz