Ғалымдар: Қазақтың гені о бастан жақсы болған

Ғалымдар: Қазақтың гені о бастан жақсы болған Қазақтардың гені о бастан жақсы болған, себебі халықтың ата-бабасы қаны жақын адамдардың үйленуіне жол бермеген.Бұл туралы Назарбаев Университетінің геномдық және персоналдандырылған медицина департаментінің директоры, медицина ғылымдарының докторы Айнұр Ақылжанова айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.«Қазақтардың гені бұрыннан жақсы, бізде ерте заманнан аутизм ауруы, Даун синдромы сияқты тұқым қуалайтын аурулар болмаған. Бұл немен байланысты? Меніңше, бұған себеп — қазақтар дана болған, олар жеті атадан аспаған туыстарына үйленбеген. Немерелес жақындарына үйлене беретін арабтардағы, еврейлердегі, Еуропа халықтарындағы сияқты патологиялық гендердің өзара жақындасуы болмаған. Олардың бойында бар мутант гендер қосылып кетеді де, кемтар ұрпақтың тууына себеп болады», — деді Ақылжанова мемлекет басшысы Назарбаев Университетіне келердің алдында Өмір туралы ғылымдар орталығы жұмысын таныстыру кезінде. «Қазақ популяциясында тұқым қуалайтын аурулар көп кездеспейді. Мысалы, мен Анджелина Джолиден анықталған сүт безі қатерлі ісігі туралы зерттедім. Қазақ популяциясында мұндай мутациялар өте сирек кездеседі», — деді ғалым. Оның айтуынша, бұл түрлі ұлттар арасындағы некенің генофондына оң әсер етеді. «Басқа гендерді араластыру жақсы әсер береді. Мысалы, халықтың генофондына түрлі гендер көп араласса, ол соғұрлым жақсарып, ең жақсы факторлар табиғи жолмен іріктелетін болады. Аралас некелер мен бұл гендердің жақсаруы әлем халықтары генофондының оңалуына ықпал етеді», — дейді ол. Ақылжанованың айтуынша, Қазақстан аумағында әлімсақтан түрлі халықтар өзара араласып кеткен.   По сообщению сайта Nur.kz