Дубайда аспаннан ақша жауды

73301211_3399331_money

Араб әмірліктерінің астанасы Дубайда тура мағынасында аспаннан ақша жауды, деп хабарлайдыMuslim.kz.

Шаһар тұрғындарын таңырқатып, әбігерге түсірген ақша жауыны көк тіреген зәулім ғимараттардың бірінен пайда болған. Хабарламада көрсетілгендей, аспаннан жауған ақшаның жалпы сомасы шамамен 1 млн долларды құрайды-мыс. Дегенмен, бұл ақшаны әлдекімнің жомарттығы ұстап, жерге шашқаны әлде абайсызда терезеден түсіріп алғаны белгісіз болып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін аспаннан ақша жауғаны еш ауырлық туғызбады. Алғашында таңданыстан тосырқап қалғанымен, қолдарына түскен ақшаның жалған еместігіне көз жеткізген соң жапа-тармағай лап қойды. Аспаннан жауған ақша тек қана полицейлердің қызметін қиындатып жіберді. Көшелерде көлік кептелістері пайда болып, бірнеше жол апаттары орын алды. “Қамшы”