Абылай ханның жазған хаты табылды

1
3515

Астанада құнды құжаттар шаң басқан мұрағат сөрелерінен жарыққа шығып, көпшілік назарына ұсынылды.

Абылай ханның жазған хаты табылды
Абылай ханның Ресейдегі патша сарайына ұлын жіберу жөніндегі хаты, Патшайым Екатерина Алексеевнаның 1777 жылы 22-желтоқсанда шығарған бұйрығы және Кенесары ханның өлімі жайлы орталыққа жіберілген хабарламамен тұрғындар таныс болды.

Хаттар Ресейдің Омбы мен Орынбор қалаларынан әкелінген екен. Біразы ескі славян тілінде жазылған.

«Әбілхайырдың ханның араб қарпінде жазылған хаты, Кенесары Қасымұлының, Нұралы ханның хаттары бар. Оның хан болып сайлануы және Абылай ханның ұлдары Сүйек сұлтан жайлы деректер бар», – дейді Астана қаласы мемлекеттік мұрағатының бөлім меңгерушісі Бақытжан Ақтайлақ.

Олар әлі ғылыми айналымға енгізілген жоқ, зерттеушілер тарапынан талдау жасалынған жоқ. Ал бұл құжаттарды көруге келгендер тәлімге толы жиын өткізіп, қазақ хандығы жайлы мол ақпаратқа қанық болды.

Источник: 7 канал

1 Пікір

  1. Менің үлкен бір арманым бар еді,бірәқ ол менің қолымнан келмейтіні белгілі.Айтайын дегенім алыс жерден мысалы ретінде алмайық.Өзіміздің көрші Өзбекстанда Бухара.Хорезм.Самаркандта көзді қыздыратындай.Керемет бекіністері бар тарихи.Ал бізде Туркестан Арыстанбаб.әрі қарай Отырар бекінісін ойлап жүрген едім.Қазақ даласында тарихи бекіністер бар соны көтерсек деген ой бар..Президентке тіл хат жазсақ.қолдау көрсетер мекен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз