Пикассоның 13 жыл бұрын жоғалған туындысы табылды

АҚШ полицейлері Пабло Пикассоның Францияда қолды болған картинасын тапты деп хабарлайды 24 kz.

"Шаштараз қыз" картинасы Париждегі Помпиду орталығының мұражай қоймасынан ұрланған. Өткен жылдың желтоқсан айында қағазға оралған туынды Нью-Йоркке жіберілген. Құжаттарда бұл картина көшірме деп көрсетіліп, құны бар-жоғы 30 еуроға бағаланған. Ал діттеген жеріне келгенде, кеден қызметі оны тәркілеп, сотқа тапсырды. Танымал шебердің туындысы 1911 жылы дүниеге келген. Бүгінде оның бағасы бірнеше миллион доллар тұрады. Өкінішке қарай, 13 жыл бойы картинаның қайда екендігін анықтау мүмкін болмай келді.

Источник: 24.kz