Астана қаласында белгілі композитор Секен Турысбектің концерті өтеді

0
1235

1347858068_dsc_0749-kz

13 ақпан күні сағат 19:00 «Астана» Ұлттық сурет галереясында Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші өтеді. «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуінде халық композиторлары мен автордың өз орындауындағы шығармалар тартылады. Кешке ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Клара Төленбаева, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали секілді өнер саңлақтары қатысады.

Секен Тұрысбек – қазақтың танымал сазгері. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты. «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Жазғы қар» секілді бірқатар танымал күйдің авторы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз