Мақпал Жүнісова енді ішімдік ішпейтінін айтты

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің инстаграм парақшасында ішімдік ішпеуге тырысатынын мәлімдеді деп хабарлайды baistars.kz.

Мақпал Жүнісова ішімдікті енді аузына алмайтынын айтты "Өмірді сүрген сайын талай соқпаптардан өтесіз, менің адал жүрегіммен сүрінгенім рас, достарым кешірді, дұшпандарым да кешірсін, мен енді сыра да, арақ та ішпеуге тырысамын. Алла күнәмді кеш!" -деп жазды әнші. Мақпал Жүнісова Мұхамедиярқызы "Қазақконцерт" Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі.  Ол еліміздің Халық әртісі (1994) және еңбек сіңірген әртісі (1998). Мемлекеттік сыйлықтың (1999), "Азия дауысы" Халықаралық конкурсының, "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының (2005) лауреаты.

Источник: NUR.KZ