Серік АБАС-ШАХ. «Жұлдыздар айтысады» «жындылар айтысады» ма?

4
2714

Жұма намазды Нұрлан Абдуллинге оқытыңдар онда…

«Жұлдызды айтыс» жұртты жынды қылып қойған сияқты.
«Лақпаны» лайықсыз көргендердің реніші басылар емес.
«Лаққандар» райынан қайтқысы келмейді.
«Жұлдыздар айтысады» «жындылар айтысадыға» айналып кетпесе болғаны… Кейбіреулер, қылжақпастар мен әншібастардың қатысумен «айтыс жақсы жарнамаланды, жұрт оған назар аудара бастады» деп ақталыпты. Дұрыс тәсіл екен.
Онда барлық мешіттің қабырғаларына «Кешью» тобындағы қыздардың шортикпен түскен фотоларды іліп қойыңдар. Жұма намазды Нұрлан Еспанов пен Нұрлан Абдуллинге оқытыңдар. Жаназа шығаруға КВНшілер барсын. Аптасына бір рет Қайрат Нұртастың концертін мешіт ішінде ұйымдастырыңдар. Сонда, қазақтарға мұсылмандықты насихаттаудың ерекше жолы табылады. Жастардың бәрі мешітке ағылады.

Р.S. Артықтау кеткенімді білемін. Бірақ, бүгінгі «лақпалар» ертең осылай лаға бастаса, таңданбаймын.

Фейсбук парақшасы

4 ПІКІРЛЕР

  1. Серик дурыс айтады акындарды аншилермен айтыстырып корламау керек айтыс десе керемет куанушы едик казир коргимиз келмей калды сагынып коретин айтыстын кадирин кетрмениздер арине жулдыздар айтысы биреулерге кызык шыгар тусинген адамга айтысты корлау

  2. Ассаламу Алейкум бауырлар!!! Секең ащыда болса орынды айтты,бұлай кете берсе бір күні етікші хирург, ал хирург құрылыс маманы болып кететіні ғажап болмай қалады. Айтыстың көркін келтіретін ақындарымыз Елімізді жетіп жатыр, ал жұлдыздарға айтысты фонограммасыз айтылатынын еске түсіргендері абзал…

  3. Серіктің айтқанының «жаны» бар.Артықтау айқаны болмаса, ол айтқандай -бүгінгі «лақпалар» ертең осылай лаға бастаса,таңданбаймын.Иә,мен де таңданбаймын. Олай дейтінім, қазіргі қазақ эстрадасында кешегі Құдайбергеннің замандастарының өткір әзіл-оспаққа толы кішігірім сахналық көріністері жоқ,бәрі көрші Ресейдің проекттерінің «көшірмелері» Өздерің милары жетпегесін солай істеп жатқандары ғой!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз