Ринат Зайытов: Тойға барып, танымайтын адамды мақтап тұру оңай деп ойлайсың ба?!

22
8924

Танымал айтыс ақыны Ринат Зайытов baistars.kz сайтына сұхбат беріп, қазіргі айтыс, эстрада және қоғам туралы ойымен бөлісті. Көптен бері айтысқа шықпай жүрген ол неліктен сахнадан алыстап кеткенін айтқан.

«Мен қазіргі айтыссымақ, айтысқа ұқсас шоуға қатысқым келмейді. Айтыс болады, болса сонда қатысамын… Қазіргі болып жатқан дүниелер – ол мүлде айтыс емес. Оны 100% дәлелдеп бере аламын. Қазір айтыс жоқ. Қазір айтысқа ұқсас шоу бар», – деді ақын.

Сонымен қатар, қазіргі жас ақындарға көңілі толатынын жеткізген ол ақындардың айтысты ластамай, адал болуын сұрады.

Айтыс деген — мал жинайтын немесе атақ жинайтын жер емес. Оған әдемі шапан киіп шығайын деп емес, ой айту үшін шығу керек.

«Айтыс деген — мал жинайтын немесе атақ жинайтын жер емес. Сондықтан, жас ақындардың бойынан тек қана өнерге деген адалдық көргім келеді. Сонан кейін, айтысты қаншалықты өнер дегенмен, ол ән емес, ол би емес… Бұл тікелей қоғамға қатысты, халықтың дауысы ғой. Сол қоғамда болып жатқан бүкіл жағдайларды өлеңге салып баяндайтын орта. Оған әдемі шапан киіп шығайын деп емес, ой айту үшін шығу керек. Сол себепті, қазіргі жастардан бір ғана сұрайтыным – айтысқа адал болу керек», – дейді Ринат.

Өнердің белді өкілі ретінде ол болашаққа сақтықпен қарау керектігін жеткізді.

«Қазақта жақсы сөз бар «Сақтықта – қорлық жоқ» деген. Сақтанбаған адам түбінде біреудің қорлығына келіп түседі. Біз, әу баста Ресеймен жолдас болған кезде ешкім сақтанған жоқ. Өзінің ұлыларын, бас көтерер білімділерін атып, абақтыға қамап жатқан кезде ешкім сақтанған жоқ. Соның кесірінен біз 70 жыл бейшара болып өстік. Бізге қазір жан-жақтан өте ауыр соққылар келе жатыр. Біреуі өзіміздің іргелес Ресейден болса, енді бірі батыстан. Одан қалса, өз бауырларымыздың өзі сақал өсіріп, балақ кесіп уахабит болып жүр», – деп ақын өз ойын ортаға салған.

Тойға барып, мүлде танымайтын адамды мақтап тұру оңай деп ойлайсың ба?

Ол соңғы кезде өзін толғандырып жүрген мәселелердің көптігін айтып, елдің болашағына алаңдайтынын жасырмады.

«Мен ұлтымның болашағына қобалжимын. Егер ұлттық болмысымызға немқұрайлы қарай беретін болсақ, егер біздің тарихымыз талан-таражға түсетін болса… Біз қазір қолдан тұлғалар жасап алып жатырмыз. Осының бәрі неге әкеліп соғады? Таза мәңгүрттікке әкеліп соғатын нәрсе. Мені толғандыратын ең бірінші осы мәселе. Біз 1991 жылдан бері қарай өте жағымпаз, өте қорқақ, өте өтірікші, өте мәнсапқор, өте ақшақұмар бір буын тәрбиелеп алдық. Енді олардың баласы да сондай болып кетеді. Мені толғандыратыны осы – ертеңіміз», – деді Ринат Зайытов.

Сондай-ақ, шоу бизнес әлемі туралы да ақын өз ойын айтқан.

«Шоу-бизнестен ештеңе ала алған жоқпын. Керісінше, шоу-бизнес рухани жұтауға ұшыратады. Мысалы, тойға барып, мүлде танымайтын адамды мақтап тұру оңай деп ойлайсың ба? Болмаса, әнге сөз жазғанның өзінде кейбір әншілер өз талаптарымен келеді. Ол да эстраданың талабы. Сол себепті, соның ығына жығыла бастайсың», – дейді ол.

Біз қазір қолдан тұлғалар жасап алып жатырмыз. Осының бәрі неге әкеліп соғады? Таза мәңгүрттікке әкеліп соғатын нәрсе.

Ринат Зайытовтың соңғы кезде көптеген әндерге сөз жазып жүргені белгілі. Жақында «Тюрквижн -2014» байқауында бас жүлде алған Жанар Дұғалованың «Ізін көрем» әнінің сөзі тыңдармандар тарапынан сынға ұшыраған болатын.

Ақын аталған ән сөзінің 30 пайызын Жанардың өзі қосқанын айтты.

Источник: NUR.KZ

22 ПІКІРЛЕР

  1. Оттапсын елбасы деп. Ол бірінші қазақ тілінде сөйлеп, қазқ тілінің мәртебесің көтерсін. Ринат болса нағыз патриот. Нағыз жүректі жігіт, шыншыл ақың.

  2. Арине биздин Казак ели оте бай куатты! Онын бари ел басынын аркасы деп ойлаймын! Бул арине меним гана ойым емес, брак кей кокелер неге сонша биздин ел басынын мартебесин тусиреди ? Ел басы сендерди жогаргы орынга жумыс стеу ушин алды гой ал
    кей акымактар жогаргы орынга
    отырганнан кейн оз акесин танымай
    кетеди, мен оларды акша кормеген
    сорлылар деп ойлаймын.Буган мысал
    кей калаларда медицина саласы
    далел болып отыр. Шеттеринен шаш
    ал десен бас алатындар, бастарында
    мыйлары жоктар, арине бари емес
    брак 50% тупой сасык кеуде, оларга
    айт айтпа кокелерине сенип калган
    кушиктер.Бул бир гана мысал арине ар саланын озинин кемшиликтери бар сонын бари дурысталса жаксы болар еди.Ден саулык ол адамнын байлыгы содан сон мен мысал кып медицинаны мысал кылып отырмын!!!

    саланын озинин осындай кемшиликтери бар.

  3. Иа арине, Казагым бир – биринди кундеу гана келеди колдарыннан, Ринаттай азаматтар биздин елимизде 17 млн брак сан- сезимине али жетпей жур. Абай атамыз айткандай: Кер
    заман келгенде кекри деген келинин болады, ежридеген кызын болады, бежри деген улын болады, акыри
    деген катынын
    болады!.Табалдырыктан аскан тау
    болмайды , тусканыннан аскан жау
    болмайды деген рас болганыма?
    Казак казакка жау болган бул заман
    уру уру га болинген не заман? Казак
    акымак болмайык.Баринин баратын
    жери бир гана кор болатынын
    умытпайык!бунын далели мынау
    болады: Адамнын бир кызыгы бала
    деген.Баланы алпештейдау Ана
    деген,тырысып жинаганмен бул дуние,
    бир куни артта ширкин калады екен.
    БАЙДА ОТКЕН, ПАТШАДА ОТКЕН,
    БАТЫРДА ОТКЕН омирдин ен тубине
    олим жеткен олимнен кутылмассын кашсан дагы Акеннен арыстандай
    ассандагы. Алладан шыныменен жарлык келсе жулдызда жерге тусер аспандагы.

  4. Оз басым Ринатты катты силаймын.Онын адалдыгына.ожеттигине суйсинемин.Ары.уяты намысы бар ондай азаматтарды халкы колдап алаканына салуы керек еди. Елди жаксы болашакка апаратын сондай азаматтар.Ринат Алла 0зине пана болсын.

  5. тилекжан… создинг паркына бар… ал той жасап жаткандар омир бойы жеседе нурдынг мангынада жолай алмас… тири адам тиршилик жасап жур ринат…

  6. Ринат тойға барып танымайтын адамыңды мақтап тұратыныңды жасырмайсың.Ал сол тойдың иесі елді жеген дөкей болуы мүмкін ғой.Оны неге мақтайсың ақиқатшыл болсаң.аз болсадаЕңбегін көзіңмен көріп жүрсің елбасының.оны даттайсың.Ал еш хабарың жоқ адамыңды араққа тойып алған тойдың иесін 2-3 мың$ долларға бола мақтайсың.Бұны қалай түсіндіресің?

  7. Ринат айтыска катысадыма екен енди?катысса оте жаксы болар еди!Ойткени айтыскерлер майдаланып бара жатыр!Балгынбек чип чипти айтып айтыстын шыркын бузуда,тукке тургысыз создери мен олендери.

  8. Бұл айтылып отырған жагдайлар тек қазақтың ғана басына тускен жайт емес бүкіл әлем жұртшылығының жазылмас зардабына айналған ауыру емеспе. Ол тек ақыр заманының жақындығының нышаны. АЛЛА ТАҒАЛАМ ози кешірсин.

  9. Ринаттын айтуынын бари акикат. Казак елимнин болашагы булынгыр екенин карапайым халык азаматшасы мен сезинемин.ал жогары да отырган атка минген азаматтарды неге толгандырмайды екен???? 20 жыл тауелсиз елимизде турып али кунге дейин кужаттар таза казак тилинде журмейди,кала берди киноларымыз неге жартылай орысша кил дубара коруге жииркенем. Ринаттай адал шыншыл елим журтым деп мансапты кейинге ысырар азаматтар катары кобейсин деп тилеймин!!!

  10. Елбасымыз ултшыл болмау керек дейди, бирак ултшыл адам гана ултына жаны ашиды. Ана тилинде сойлейди. Намыской келеди. Ултшыл емес кай елди билесиндер мысалы. Мынау ресейди алсак букили ултшыл бакалшагына дейн. Елине барсан жеп кояды. Талай ресейге окуга барган кара коздеримизди олтирмеп пе еди. Ал биз казак улты оте коркак, намыссыз, жагымпазбыз. Мангуртпиз.

  11. ұлтының болашағын ойлайтын ринаттай ақындар көп болса билік аяғын аңдап басар еді. бірақ ақшаға құныққан жағымпаздардың заманы жүріп тұр.нұркөсем мен нұротан деп жүрсе ринатта мінгені машина қалтасы ақшаға толып жүрер еді. арлы азамат ардан аттамайды. ринаттар көбеймей қазақ елі өркендемейді. балғынбектерден ұлтқа не пайда бас пайдасынан әріні ойламайтын.

  12. Бұқпантайы жоқ, осындай шыншыл азамат ақындар, қазақтың ұлт ретіндегі болмыс-болашағын кеңінен ойлайтын азамат-азаматтар, көбейсе ғой шіркін! Бірақ ондай дәреженің ауылы күннен күнге алыстап бара жатқан сияқты, «есіл сөзім қор болды….» деп Абай айтқандай , Ринаттың сөзін түсінер қазақ болғанмен, қолдар қазақ аз ау өкінішке орай !

  13. Ринат Зайытов шыншыл айтыскер ақын.Көп ақындар оның тырнағына да татымайды.Айтыс – халық рухының қайнар көзі.Оны жағымпаздықтың қайнар көзіне айналдырып алмайық.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз