Енең қайда, ЖЕМЕНЕЙ?!.
2014 ж. 22 желтоқсан
4014
6
"Каспий" тобының бұрынғы мүшесі, әнші Ақылбек Жеменейдің өзінің жарын сахнаға әнші ретінде шығарды деген жаңалық интернетте кең талқыға түсті.
Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.
Әншінің жұбайы Орынкүл Әбішева әншілікті қолға алып, толықтай өнер жолына бет бұрды. Бәрекелді! Аяқ астынан әулие болған жан құсап, микрафонды ұстап сахнаға шығу сәнге айналды ма, қалай өзі?!. Бұрын атамыз "ерінбеген етікші болады" деуші еді, қазір ерінбегеннің бәрі әнші болатын болды. Етікші де әлде қайда қайырымды, берекелі, көп еңбекті талап ететін шаруа ғой. Әншілік деген бір... Музыкалық білім дегенді кімге айтасыз, қазір білімнің қажеті көк тиын. Фонограмма бар. Дауысты жаздыра салып, той қуалап ән айту үшін көп ақыл мен еңбектің қажеті жоқ. "Шырылдауық шегірте" деген Крыловтың мысалы еске түседі.
Ұлттық арнадан көрсетілген Құрманай Бақтиярқызының "Жан серігім - қаламым" атты ән кешінде Ақылбектің жары әнші Ғаділбек Жаңаймен "Егіз Лебіз" атты әнді дуэтте орындады. Орындасын. Онда тұрған не бар?
Жеменейдің жарының жеке репертуарында әзірге 4 ән бар екен.
Сахнаға мыңның бірі шығу керек қой асылында. Әрбір қазақ әншісі осылай сахнаға жарын, содан кейін баласын, одан қала көрші-қолаң, жекжаттарын алып шыға берсе не болады? Жарды шығарғмай алдымен енесін шығару керек еді. Аға буын ретінде үлгі көрсетер еді ғой. Қазақ деген үлкенге жол бермейді ме?!. Содан кейін рет-ретімен шығарар еді.
Қайран, қасиетті қазақ сахнасы...