Сары әулие 18-ге толмаған жас қызбен махаббатын әңгімеледі

52
26988

90-шы жылдары «Сары әулие» деген атпен танымал болған әйгілі емші Марат Есенбаев «Замана» басылымына сұхбат беріп, өзінің жас қызға үйлену себебін түсіндірді.

Сары әулие өзінің жас қызбен арадағы махаббаты туралы айтты
Ол суреттегі жас қызды өзінің ақ некелі әйелі екенін айтты.

«Суреттегі қыз менің ақ некелі әйелім. Есімі – Гүлияр. Бес ай болды, шариғат жолымен некемізді қидырдық. Бірге өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде ислам жолын ұстанып, оның парыздарын орындауға, яғни нағыз мұсылман әйелі болуға тырысып жүр. Бәрін өзім үйретіп жатырмын», – дейді Сары әулие.

Ол қызға құда түсіп, әке-шешесі мен бауырларының рұқсатын алғанын да жеткізді. Гүлияр оған ем қабылдауға келген екен. Емші қыздың жасы өзінен әлдеқайда кіші екенін де жасырмады.

«Бізді ақтөбелік Альбина есімді қарындасым таныстырған. Ата-анасы да мені жақсы таниды. Қыздарының мен секілді діни сауатты, мұсылман азаматтың етегінен ұстағанына қуанып жүр. Арамызда 34 жыл жас айырмашылығы бар. Қазір жасы 18-де. Алла бұйыртса, келесі жылдың оразасы біткен соң үйлену тойын жасаймыз», – дейді емші.

Сары әулие өзінің жас қызға үйленуіне бәйбішесінің мүлде қарсы еместігін, тіпті куәгер болғанын айтап мақтанды. Сондай-ақ, ол өзінің емдеу сеансына неліктен 4 мың доллар алатынын да түсіндірді.

«Менің екі түрлі емім бар. Біреуі – тегін. Ол көпшілік жамағат болған уақытта жасалатын ем. Ал кейбір адамдар оны қанағат тұтпай, жеке емге жазылатын болса, оның құны 4 мың доллардан жоғары болады. Ең төменгі баға – 4 мың доллар», – дейді ол.

Сары әулие бұл бағадан шошынбау керектігін айтты. Себебі, оның дәрежесіндегі адамдар 15-20 мың долларға да сөйлеспейді екен. Өйткені, 200-300 мың доллардан миллион долларға дейін күрделі ем жасап үйренген.

Сөз соңында емші қазіргі жары Гүлиярды пәк күйінде алғандықтан, оған өз тегін бергенін айтқан. Сондай-ақ, өзінің көп әйел алуын қазақ санын көбейту үшін деп түсіндіреді. Алайда, Гүлиярдан бала сүюге асықпайды.

«Енді үйленбеймін, осымен тоқтаймын. Менің көп әйел алудағы мақсатым – алтын асықты азаматтардың санын көбейту. Шүкір дейін, 9 ұл, 7 қыз тәрбиелеп отырмын. Енді Гүлиярдан ұрпақ сүйсем деген ниетім бар. Бірақ бұл жағынан қазірше асығып отырған жоқпыз. Біраз уақыт қасымда еліктің лағындай үлпілдеп, еркелеп жүре тұрғанын қалаймын», – дейді емші.

Айтпақшы, Сары әулие өзімен үй мәселесі бойынша дауласып жүрген қызы Бақытгүлден Алла алдында бас тартқан екен.

Еске сала кетейік, Сары әулие жас қызбен түскен фотоларын әлеуметтік желіге жариялап, елді таң қалдырған болатын.

Источник: NUR.KZ

52 ПІКІРЛЕР

  1. Халықта қызық қой- сары әулие десе ааа деп қоя салады. әулие деген не? әулие дегенге осы азамат жатама? исламда бірінші алланы, ата анады, отбасынды сыйла, жақсы көр деген. бұл жерде оның тамшысы да жоқ. себебі черная магия бар, әулие деп өзін атаған адам жындармен жағаласып, магия мен айналасып жүр. ертен ол адам өлтіргенге де таң қалмаймыз, адам өлтірсе олар тұғандары болар. себебі басқаға оның күші жетпейді. түбінде ол қорқақ адам. домашний деспот. олар тек отбасына көрсетеді и все.психиатрия по нему плачет. а люди которые идут к нему за помощью очень сильно ошибаются и грешат. в Аллахе спасенье. просите у Аллаха а не у Демона

  2. Аллам сақтай гөр. Жазасын бір Алла біледі.Педофил Аферист Шарлатан Аллахтан қорықсайшы 4000доллар деп.Адамдар жаны қиналып барады хайуан нағыз.

  3. Калай сонда ози шаригатты устанса онда мына кызы неге жаланаш. бул сары аулие емес сары жын. кайдагы шаригат желпилдеп суретке тусип напсимен жас кызга уйленген ол Шаригат емес, Пидафилдын мадени туры десе болады.

  4. Еліктің лағындай үлпілдеп еркелеп жүре турсын тумайак койсын дит.тағы халықты көбеиту максатында үйленем дегеніне өлимба.бұл жерде сөзінен белгілігой.жап жас қыз құдай сақтасын жігіт кұрп қалдыма.

  5. Сары ауле деген айелдин есими деп жүрмин, жузин алгаш коруим.
    Қыздарына,əйеліне өте обал жасаған екен,зардабын тартқызып істегенін өтететін бір ғана Құдіреті Күшті Аллаһ бар.

  6. Акесиндей адамга ана сути аузынан кетпеген кыздын калай ерге шыккандыгы тан калдырады мени… Акшага кызыкты ма екен?
    Айналайын, синилим! Алла сана берсин деп тиле, акене.Путь Ильича деген жерде турдындар гой. Менин агам турган еди сол жерде. 22 жасымда барганмын алдына, жалпы сеансына. Содан кейин баргым келмей калды. Жалпы аулие деп- таза адамды халык айтады. Кудай коскан косагын , балаларын осындай корлыкка салгандыгы шын болса, дурыс емес екен. Балапандарына озин акеннен кормеген махаббатынды аяма. Жаксы бол! Жанын куйзелип жазган сияктысын гой. Мыкты бол! Ештене сурап алдына барма. Кеширим сурасан-мумкин таубесине келер.

    • Мұндайларды піштіретін ешкімнің болмағаны ма,ұят-ай.қазақтар осындай деп,басқаларда көріп отырып.масқара.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз