Қазақ әншілері Тәуелсіздік күнін бір ай бойы тойлауды ұсынды

3
1352

Тәуелсіздік жаңа жылдың көлеңкесінде қалып барады. Осыған орай, әншілер қауымы Тәуелсіздік күнін бір ай бойы тойлауды ұсынды.

Қазақ әншілері Тәуелсіздік күнін бір ай бойы тойлауды ұсынды
«Жаңа жылдан бұрын тәуелсіздік мерекесі тойлану қажет. Біз тәуелсіздік күні халыққа жұмыс істейміз. Бұл күні барша қазақ жұрты республика алаңына жиналып, гүл шоқтарын қоюға тиіс. Ал жаңа жылды үйде отырып жалғыз қарсы алсақ та болады»,  – деді әнші Нұрлан Еспанов.

Ол Тәуелсіздік күнінің дұрыс тойланбайтынына қапалы екенін айтқан.

«Қазір көңіліме қаяу түсіретін жайт – тәуелсіздіктен бұрын көше бойында жаңа жылдық жарнамалардың көбеюі. Қарап отырсаңыз, Өзбекстан халқы тәуелсіздік мерекесін бір ай бойы тойлайды. Сол секілді Қазақстанда да бір ай тойласа деген ниет бар», – деді Қазақстанға  Еңбек сіңірген қайраткер Нұрлан Еспанов.

Қазақ елінің ерлігін әнге қосқан Халық әртісінің айтуынша, әрбір қазақ азаматының Отанына, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімі болуы керек.

«Мен Тәуелсіздік қарсаңында 5 күн бойы Астана, Ақтөбе, Атырау қалаларында өзімнің жеке концерттерімді беремін. Арнайы дайындалған жаңа әндерімді халыққа ұсынамын. Тәуелсіздік мерекесін мен өте жоғары деңгейде атап өтемін», – деді Роза Рымбаева.

Ол бұл мерекенің Қазақстан Республикасындағы айтулы датасы екенін атап өтті.

«Елім деген әрбір қазақстандық бұл күнді елеп, ескеру керек. Жаңа жылдық жарнамаларды емес, тәуелсіздік туралы афоризмдерді  көшеге ілсе жөн болар еді», – деді Халық әртісі.

Источник: Алматы ТВ

3 ПІКІРЛЕР

  1. Тәуелсіздік күнінен бұрын жаңа жылдық жарнамалар көбейіп, елкалалар орнатылып жатқанын билік көрседе көрмегенсіп отырғаны ненің нышаны? ЕврАзия деген қораға кіруіміздің мәні осында емеспе? Болащағымыз бұлыңғыр ағайын.Қораға кіруімізге бір ай қалғанда Медведев бұнда не іздеп жүр?

  2. Елімізді Тәуелсіздігін білмейтіндерге, түсінбейтіндерге, болмаса Тәуелсіз ел екенімізді мойындағысы келмейтіндер үшін осы мерекені айлап, жылдап тойласақ та артық емес. Тойлау мақсаты тек ұрандату емес, мәдени-көпшілік шаралардың көп болып, халық бос уақыттарында демалатындай жасап, алыс-жақыннан келген қонақтар «О. Қазақ елі қандай мықты ел, күнделікті өмірлерінің өзін мерекеге айналдырып, жоғары рухпен Тәуелсіздік мерексін күнде атап өтеді екен» дегізу керек. Сонда Тәуелсіздіктің салмағы айқындалып, империплистік пиғылдағы, елімізге көз алартып отырған «жар астында аңдып тұрғандардар» біздің елден қаймығып сескеніп тұрар еді.ал біздер 15-17аралығында азғантай концерт, марапаттан аса алмай жүреміз. Неге шеру жасап құрбандарға ас беріп, тіптен жай құран бағыштап отырсақта артық болмас еді.Тәуелсіздік мерекесі жылда Жаңа жыл аясында көлеңкеде қалып жүр.Біздің Арқалық Жаңа жыл шыршасын соңғы екі жылда 16-нан кейі шырша орнатып жақсы бастаманы(Берік Әбдіғалиұлынан қалған,бұрынғы әкім),16 желтоқсаннан кейң бастап еді, биыл бірдеңеден құр қалатындай алаңға кеше құрып тастады. Тәуелсіздішіміздің шоқтығын биіктету үшін шеруге шыққанда лұрыс. Қазыбек иса, т.б. азаматтардың аруақтарға ас беріп, дұға бағыштауыни ел жақсы іске балап жатыр. «Ақ жол» партиясы осы шараны дәстүрге айналдырғызуға жұмыс жасаса көп «нұрлы істерімізден» де жоғары «Нұрлы бастама» болары қақ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз