Оксфорд пен Кембридж арасындағы бақталастық: қайсысы мықты?

Ағылшындардың университеттері туралы сөз қозғағанда бүкіл әлемге танымал Оксфорд пен Кембридж туралы сөз айтпау мүмкін емес. Ұлыбританияның негізгі элитасын қалыптастырып отырған осы қос университеттің бір-біріне қатысты тарихы өте қызықты, әрі терең. Оксфорд университетін XIII ғасырдың басында дін таратушы миссионерлер салса, Кембридж университетін дәл осы Оксфорд студенттері салған. Бұл екі университет – Ұлыбританияның ең алғашқы жоғары оқу орындары. Кембридждің салыну тарихы қызық. Елдің жалғыз білім ордасы Оксфордке XIII  ғасырда студенттердің елдің әр түкпірінен ағылып келуі, жергілікті халықтардың наразылығын тудырды. Наразылықтың ушығу кезеңі университет студенттерінің садақ ату дайындығы кезінде, абайсызда жергілікті тұрғынға садақ оғын тигізіп алады. Университет пен жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыс басталып, бірталай студенттер мен мұғалімдер қаладан қашып кетуге мәжбүр болады. Олар Кембридж қаласына қашып келіп бүгінгі Кембридждің іргетасын қалайды. Содан бері қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де бұл екі университет арасындағы бақталастық әлі жалғасып келеді. Қос университеттің бір бірін «жек көргені» соншалық, бір-бірінің атын ешқашан айтпайды. Бір-бірін атауға мәжбүр болған кезде «the other place» (басқа жер) деген сөзді қолдану дәстүргі айналып кеткен. Студент кезімнен осы атақты екі университетің  қайсысы мықты деген сұрақ менің  ойымды мазалайтын. Сол сұраққа жауапты Британияға келгеннен кейін іздеуге кірісіп, пойызбен Лондоннан 1 сағаттық жерде жатқан Оксфордке бардым. Сапарымда бір қызық оқиға болды.  Қаланы аралап  университетті іздеген болатынмын, таппай шаршағаннан кейін жергілікті тұрғындардан Оксфорд Университеті қайда деп сұрап едім, маған таңырқап, күліп қарап бұл жақта ондай университет жоқ деп жауап қатты.  Жауабына менім таң қалған күйімді көрген ағылшын тұрғыны, маған Оксфорд 38 колледжден тұратынын, олардың бірігіп бір Оксфорд университетінің құрайтынын түсіндірді. Осыны естігеннен кейін мүмкін Оксфорд осы ерекшелегімен мықты шығар деп ойласам, Кембриджде дәл осындай жүйе болып шықты, яғни ол да 31 колледждің бірігуінен тұрады екен. Университеттердің тағы бір ұқсастығы, екеуі де консервативті, шетелден келетін студенттер санына әлі күнге дейін шек қояды. Қазіргі күні көптеген ағылшын білім ордасы шеттен келген студенттер екі есе артық ақша төлеуге міндетті болғаны үшін, шетел студенттерін көбірек тартатын болса, Оксфорд пен Кембриджде ұлыбритандық емес студенттер 20%-дан аспауы тиіс. Кім мықты деген сұраққа жауап табу үшін екі университеттің жетістіктерін зерттеуге көштім. Жалпы 117 Нобель иегерін шығарған Ұлыбритания, бұл көрсеткіш жөнінен әлемде АҚШ-ты ғана алдына жібереді. Ең қызығы Британиядағы  лауреаттардың 95% екі университеттің үлесіне тиесілі. Зерттеу нәтижесінде Кембридж Нобель сыйлығының лауреаттарын оқыту жөнінен Оксфордтан алда екен. Бір өзі әлемге 61 Нобель лауреатын сыйлапты. Бұл көрсеткішті Нобель сыйлығы бойынша әлем елдері арасындағы рейтингпен салыстырсақ, АҚШ пен Германия мемлекеттерінен Кембридж бір өзі 3 орын алады. Ал Оксфорд болса  47 Нобель лауреатымен 4 орынға жайғасады. Сэр Энтони Джеймс Леггетт Охфордтан                            Эрнест Резерфорд Кембридж түлегі шыққан физика саласы бойынша                                          химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері (2003 жыл)                               Нобель лауреаты (1903 жыл)                          Алайда Оксфорд саяси элиталарды жасаудан Кембриджден алда келе жатыр. Британияның алғашқы премьер– министрі Роберт Уолполды  дайындаған Кембридж одан кейін ағылшындарға тағы да 14 премьер сыйлаған екен. Ал Оксфорд болса, өз кезегінде 26 премьер-министрге, соның ішінде: Давид Кэмерон, Маргарет Тэтчер,Тони Блэр секілді танымал тұлғаларға тәлім берген. Роберт Уолпол                                                           Дэвид Кэмэрон                                                  Ғылымға келетін болсақ, екі университетің бір-біріне мақтанып айтатыны көп.  Оксфорд студенттері осы білім ордасында жұмыс істеген Альберт Эйнштейн және интернетті ойлап тапқан Тим Бирнес Ли сияқты ғалымдарымен мақтанса, Кембридж студенттері Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Эрнест Резерфорд сияқты түлектерін пір тұтады. Сонымен қатар, Кембридждің ғылыми парктері әлемге тұңғыш компьютер мен веб камераны жасап шығарды. Тағы бір қызықты жайт, Кембридж әлемге қазіргі заманғы футболдың ережелерінің шығаруымен атақты. Соның бірі, қазіргі футбол қақпасының ұзындығы Кембридждің қақ ортасындағы Parkers Green саябағындағы ағаштардың бір-бірінің арақашықтықтарына тең. Өйткені Кембридж студенттері осы ағаштарды қақпа ретінде пайдаланып футбол ойнап, содан бері футбол қақпасы ұзындығы сол ағаштардың өлшемімен бекітілген. Ал Оксфорд университеті Гарри Поттер фильмі түсірілген өзінің ең әйгілі Христ шіркеуімен (Christ Church) әлемнің әр түкпірінен талай туристті тартуда. Бірнеше ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан екі университет арасындағы бәсекелестік, кез келген адамға мықтыны таңдауға өте үлкен қиындық тудыратыны анық.  Сондықтан болар жергілікті халық екі мықтыны бөліп-жармай, қос университетті ОКСБРИДЖ (ОKCфорд + КемБРИДЖ) деп атап, екеуіне бірдей деңгейде қарайды. Жазбамның соңында менде сұрағымның жауабын іздеу мәнсіз екенін түсініп, ең дұрысы болашақта ОКСБРИДЖ-ге оқуға түсу жолын іздеу керек деп шештім.
 Жасұлан Күшебаев, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. el.kz