Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

ақорда

АСТАНА. 9 желтоқсан. BAQ.KZ - Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлығының мәтінін жариялады.
 «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлық 09.12.2014   Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ETEMІH: 1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін: 1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін; 2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін; 3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін; 4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін; 5) авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін. 2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан №975