Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды
2014 ж. 10 желтоқсан
2411
0
«Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлық
09.12.2014
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ETEMІH:
1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін:
1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін;
2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;
3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін;
4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;
5) авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан
№975