Ана тілін білмейтін мәңгүрттер мүгедектерге теңестірілуі тиіс

9
1934

«Өз тілін сезбеген бала – ана сүтін татпаған жетіммен тең» деп Бауыржан Момышұлының айтқаны бар. Сол жетімдер арамызда жетіп артылады, тіпті олардың алды асарын асап, жасарын жасаған, төрінен көрі жақын еңкейген кемпір-шалдар. Ағарып таңымыз атқалы ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, олар өз тілін сезу былай тұрсын, тіпті үйренгісі де келмейді. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген халықтың ұрпағы болғандықтан, осы Баукең айтқан жетімдерге көңіл бөлмесек болмайды.
Сондықтан, менің ойымша, ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтарды заң жүзінде мүгедектерге теңестірген жөн сияқты. Заң бойынша мүгедек дегеніміз өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға. Мүгедектік тобын белгілеу ережесіне сәйкес оларға тиісті топ тағайындау қажет. Мүлдем мақұрым, яғни ана тілінде сөйлей алмайтын, ана тілін түсінбейтін мәңгүртті бірінші топтағы мүгедекке теңестіру керек. Ана тілін шала түсінетін, бірақ сөйлей алмайтын қазақты екінші топтағы мүгедек, шала түсініп, шала сөйлейтін қазақты үшінші топтағы мүгедекке теңестірген жөн. Ана тілінде сөйлеу қабылеті бұзылған қазақтардың мүгедектерге арналған қажетті жеңілдіктер тізбесін пайдалануға мүмкіндігі болу керек.
Ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтардың мынадай құқықтары болуы керек: Әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қазақи ортаға бейімделу; Ана тіліндегі ақпаратты алу мүмкіндігімен қамтамасыз етілу; Білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты; Тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу; Кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу; Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік қызмет саласындағы бірінші кезекте қызмет көрсетіледі. Ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтардың шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау;
Ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері: Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер; Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер; Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері; Ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтарды үймен қамтамасыз ету; Ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтарды жұмыспен қамту; Қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтарға жұмыс орындарынан квота бекіту; Жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтар үшін арнайы жұмыс орындарын құру; Ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтарды кәсіби оқыту ұйымдары;
Бірінші және екінші топтарға кіретін мәңгүрттер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты бекітіліп, он бес жұмыс күндік қосымша ақы төленетін еңбек демалысы берілу керек. Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мәңгүрттің келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тыйым салынбаса жіберіледі. Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мәңгүрттің келісімен жүзеге асуы тиіс. Жеңілдікті несие және салық салумен ынталандыру арқылы қолдау; Ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтардың әлеуетін дамытуға және олардың қазақи ортаға бейімделуі үшін нақты жағдай жасалуы керек; Қазақи ортаның тіршілік әрекетіне толыққанды араласуы керек; Тұрмыс тіршілігінің қарапайым жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар алынуы тиіс; Ана тілін білмейтін мәңгүрт қазақтарды кемсітуге тыйым салатын, олардың құқықтарын қорғайтын заң нормаларын қабылдау қажет.

Иса Момбаев

Фейсбук  парақшасынан 

9 ПІКІРЛЕР

  1. Иса Мумбаев сізден мынандай тақырыптағы кезекті мақаланы асығыс күтемін – «Ана тілін жетік білетін МАМБЕТТЕРДІ патриоттар тізбесіне қосу». Патриоттарды содай-ақ жік-жіпке бөлу жөні ашылып тұр: 1-нші деңгейдегі мамбет-патриоттар ана тілінен өзге тілдерді тіпті білмейтіңдер, 2-нші деңгейдегі мамбеттер өз тілімен қоса орыс тілін білетіндер, 3-нші деңгейдегі мамбеттер ана тілін, орыс тілін, ағылшын тілін білетіндер. Сонда міне керемет болады! Қанша елде қазақ баруларының барлықтарымыз бірлігімізде, татулығымызда, əдеп-қатынасымызда тұтас боламыз

  2. Великий наш земляк ,Ахмет Байтурсынов Сказал ,если у человека отнять его язык , после это народ исчезнет сам по себе . По этому когда то при СССР КОММУНИСТЫ начали отнимать у нас язык ,это закрытие казахских школы ,с переходом на обучение на русском языке ,а также обучение в ,высших учебных заведениях ,только на русском языке. Это и высказывается до сих пор ,хотя 23 года Республика Казахстан живет самостоятельно. Казахи не владеющей родного языка ,у них даже характер становится СЛАВЯНСКИМ , как автомобиль Мерседес «НО» собранный в КАЗАХСТАНЕ. У КАЗАХОВ проблема с родным языком ,становится у них еще проблема ПАТРИОТИЗМА к Родине ? Так как ,наш язык КАЗАХСКИЙ один из богатейших языков в мире. Великий писатель МУХТАР АУЭЗОВ когда писал роман «Путь Абая» применил около 15000 казахских слов разве это бедный язык. ПРИМЕР:— Англичане при разговоре с собеседником многие информация передается ЖЕСТОМ рукой или МИМИКОЙ .Кто знает если КАЗАХА завязать руки и накрыт его плетем ,ОН пересдать информацию собеседнику , чисто языковом варианте . Теперь судите сами ? какой язык богатый. Господин МОМБАЕВ правильно сравнил ЧЕЛОВЕКА не знающего родного языка ,с инвалидом. Эту проблему надо поднять на уровне государства. ИСТОРИЯ — Ахмет Байтурсынов Репрессирован как «враг народа по 58.ст» и расстелен и похоронен на БЕЗЫМЯННОЙ МОГИЛЕ , который создал Грамматику Казахского Языка — А Кирилл и Мефодий который создали грамматику Русского языка В Москве поставили памятник как Национальному ГЕРОЮ РОССИИ. Коммунисты это делали на Государственном уровне. с уважением всем КАЗАХСТАНЦАМ. История не должна забываться.

  3. газет айдарымен шыққан соң Қазыбек мырзаны орынсыз кіналаппін, енді мақаланы, егер мақалаға жатса, дұрысы скетч не сықаққа келеді,оқып Момбаев мырзаның ойын түсіндім. Ол кісі де мүгедекке теңеп отырған жоқ екен. Жалпы арамызда жүрген «рухани мүгедек» жандар расымен елдігімізге нұқсан келтіріп, іштегі дұшпандарымызға таба қылуда, сыртты айтпағанда.бір орекеңе бірдеңе десең байбалам салады, «өзіңді дұрыстап ал» деп шыға келеді. «қарғайын десем жалғызым(қазағым),қарғамайын десем жалмауызым» болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз