Елена Әбдіхалықова: Айтыс табыс көзіне айналып, бір топтың мүддесіне құрылғандай...

фото 4

Ақын, әнші-сазгер, Елена Әбдіхалықова:

ӨЗ ӨЛЕҢІМ ӨЗІМНІҢ ЖАНЫМДЫ ҰҒАР...

– Елена деген есімді жұрттың көбі орыстарға тән есім деп ұғынады. Елена деген ат сізге елдің қызы болсын деген ниетпен қойылған болар... – Біз өз түбірімізден ажырап қала жаздаған халықпыз. Кейбір еуропалық сөздердің түп-төркіні көне түркі сөздері екенін ұққымыз да білгіміз де келмейді. Жалпы, жер бетіндегі көптеген өзен-су атауларының  көне түркі сөздерінен тұратынын білсек қане?! Енесейдің Ене сай, Ана сай екенін, Ленаның Ұлы ене, Ұлы ана деген сөз екенін ұмыттық. Сондықтан, менің есімім қазаққа жат деп айта алмаймын. Тек осы есімді Европалықтар көп қолданып, егеленіп кеткені болмаса. Белгілі сыншы Құлбек Ергөбек: "Сенің атың -Ел-Ана" деп еді. Елге ана болмасам да, елдің өнеріне үлес қосып жүрсем, ол да сыншының сөзін ақтағаным-ау деп ойлап қоям. Ал, негізінен, мен Кеңес көсемі В.И.Лениннің 100 жылдығында 22 сәуірде дүниеге келгенмін. Сол себепті мені дәрігерлер осылай атаған екен. – Айтыс өнерінің дамуына да бір кісідей үлес қостыңыз. Бүгінгі айтыстың дамуы сіздің көңіліңізден шыға ма? – Айтыс көрінгеннің қолжаулығы болмау керек. Айтысты халықаралық дәрежеде, саяси сауатпен, өнерді өркендетуі үшін ғана өткізген жөн секілді. Қазіргі таңда айтыс өнері қаржылық табыс көзіне айналып кеткендей көрінеді маған. Құдды бір белгілі бір топтың мүддесіне құрылғандай. Естуімше, арнайы ақын-жыраулар одағы бар көрінеді. Бірақ, олардың немен айналысатыны маған беймәлім. – Бір сұхбатыңызда: "Билікке елді, жерді, ұлтты білетін, халықтың мұңына жаны ауыратын адамдардың мүлде қажеті жоқ" деген екенсіз. Шенеуніктер турасында әлі де осындай пікірдесіз бе? – Әлі сондай пікірдемін. Қазір өзіндік пікірі бар, болып жатқан істерге көзқарасы бар адамдардан билік қорқады. Осылар бірдеңе айтып қоя ма деп,  орнымнан айрылып қалам ба деп, болмаса өздерінің шалажансар білімдерінен қорғаншақтап қашқақтай бастайды. Мысалы, бір мекемеге кіре қалсаң, көзінде ешқандай жалын жоқ, сананың сәулесі жоқ, тіпті, әдебиет пен мәдениеттен, ұлттың тарихы мен болмысы түгілі, тілінен хабары жоқ бір бала отырады. Ол алдына барған адамның кім екенін танымақ түгілі, дұрыстап, орнынан тұрып: "ассалаумағалейкүм" деп амандасуды білмейді. Түк көрмеген, ешқандай өмірлік тәжірибесі жоқ адамды мекеме басқартамыз. Бұндай кадрлық дағдарыс ертең мемлекетті үлкен күйреуге алып келеді. Тіпті, оны мемлекет дәрежесіне апармай-ақ, қарамағындағылардың тағдырына әсер ететіні айдан анық. Ел басқару оңай шаруа емес. Басшысы оңбаса, қарапайым халық сорлайды. Сондықтан, "осы ақша жасау білетін адам" деген тенденциядан арылу керек. Елге, нағыз мемлекетшіл, Отаншыл басшылар керек. – Елена апай, ғалым ретінде бүгінгі қазақ әдебиетінің дамуы қай деңгейде деп ойлайсыз? – Әдебиет өзімен өзі, білім жүйесі өзімен өзі. Әдебиет оқылмаса, онда ол әдебиет емес. Жай мысалдың, көрнекі құралдың деңгейінде ғана қалып қояды.  Ұлттық біріңғай тестілеу баланы әдебиетті оқуға мәжбүрлемейді, тек сырттай біліп қана қоюға үйретті. Қазір реферат жазу да компьютерден көшіріліп алына салады. Кітап оқылмаған жерде негізгі, нағыз білім бола алмайды. Қазіргі жастар бірнеше тіл білер, техниканың миын шағар, бірақ, әдебиетті кітаптан оқымағаннан кейін оларды толыққанды адамдық болмысы, ұлттық келбеті қалыптасты дей алмаймын. Мен Білім және ғылым министрлігінде жүргенде де қазақ тілі мен әдебиетін қазақ тілінде барлық жоғары оқу орындарына оқытуды ұсынған едім. Мысалы, техник, ия дәрігер, болсын қазақ әдебиетін оқып, біліп шықса деймін. Бірақ менің ұсынысым қолдау таппады. Қазақсан халық қазақтың әдебиеті мен тарихын, тілін білмей, Қазақстанды танып-түсіне алмайды. – "Көздеріңе ғашықпын", "Есіңе мені алғайсың..." сияқты әндеріңіз арқылы көпшілікті сырлы сезімге бөлеп келесіз. Әндеріңізде мұңның сарыны басым екенін тыңдарманыңыз жақсы біледі. Мұның себебі неде? – Мұң болмаса – ол ән болмас еді. Бүгінгі көп әндердің арзанқол, уақытша болып жүргені – сол мұңсыздықтарында. – Өнердің өз өкілі ретінде айтыңызшы, бүгінгі күнгі мағынасыз мәтіндер мен әсерсіз әндерге қалай тоқтам жасауға болады? – Олар қай заманда да болған. Сынды күшейту керек. Мысалы, атын атамай-ақ қояйын, бірнеше уақыт бұрын, өздеріңдей журналистер болсын, шығармашылық адамдары болсын кезек-кезек сын айтып жүрген бір композиторды еліміздің белгілі бір газетінің тілшісі "Бұл деген нағыз шедевр" деп табақтай мақала жазды. Бақсам, әлгі композитор сол тілшінің ауылдасы ма, руласы ма, әйтеуір бір жақыны екен. Негізі дұрысты дұрыс, бұрысты бұрыс деп айту керек. Дұрыс дүниелерді көбірек жарнамалау керек! Сонда ғана тыңдарман мен оқырманның талғамы ортаймайды деп түсінемін. – Сахнаға неліктен сирек шығасыз? – Мен жай біреудің жазғанын жаттап алып, фонограммаға салып, айтып жүрген әнші емеспін. Мен әрі өлең жазатын, ән шығаратын, ғылыммен айналысатын өнер адамымын. Ондай адамдар көбінесе жұрт алдында емес, көзден таса жерде шығармашылықпен айналысып жүреді. Жалпы, арзан дүниелермен жұрттың басын қатырып, күнде эфирде жылтыңдап жүргенді жаным қаламайды. – Қоғамда орын алып жатқан қандай мәселе сізді қатты алаңдатады? – Бүгінгі қоғамда алаңдарлық мәселе жетерлік. Әйтсе де мемлекетіміздің көсегесін көгертпей, жегі құрттай жеп бара жатқан жемқорлыққа тұсау салынса екен деймін. Біз өмір сүріп отырған қоғамның басты дерртінің бірі – жемқорлық дер едім. Сондай-ақ, ел үшін еңбек еткен нағыз талантты адамдардың ұмытылып, биліктің қамқорлығынан тыс қалып бара жатқандығына да алаңдаймын. – "Есіңе мені алғайсың..." атты шығармашылық кешіңіз туралы айтып берсеңіз... "Есіңе мені алғайсың..." атты шығармашылық кешім Алматы қаласында өткелі отырған екінші кеш. Алғашқы кешім осыдан 14 жыл бұрын қазақтың қайраткер қызы, өнер жанашыры, сол кездегі ғалымдар үйінің директоры Ғайникен Бибатырованың бастамасымен Ғалымдар үйінде өткен болатын. Одан бері қаншама уақыт өтті. Өз шығармашылығымдағы жаңалықтармен бөліскім келіп, осы кеш-концертті өткізбекпін. Концерт толығымен жанды дауыста өтеді. Өз өлеңдерімді өзім оқимын. Әдеби-сазды қойылым болмақ. Кеш барысында орындалатын әндердің 80 пайызы жаңа әндер болмақ. Бұл кешке өнердегі әріптестерім Жұбаныш Жексен, АртКлассик тобы, Дәурен Сейітжанов, Айгүл Иманбаева секілді танымал әншілермен қатар, маңғыстаулық Аида Байгелова, өскемендік Радион Немцов секілді жас әншілер қатыспақ. – Сөз соңында өзіңіздің бір өлеңіңізді оқып берсеңіз. Өз өлеңің десең, "Өз өлеңімді" оқығаным дұрыс болар... Ақын да – Адам – Өледі, Қалады өлең! Жүрегімнің лүпілін санада өрем! Жұртым аман тұрғанда жырға ғашық, Сенбеймін мен! Жаңғырып, жана берем! Жырым, бәлкім, осалдау, ұйқасы кем, Төлегенмін демеймін шырқасы кең. Мұқағали болмадым мұңы басым, Қасымның да жүргем жоқ қырқасымен. Өршілдігін өлеңде төгілдірген, Фариза да емеспін елім білген. Өрнегі ескі өлеңім тек өзіме, Тұс кілемім секілді төрімде ілген. Бағам да кем, жұрт, сірә, бұрын байқар, Сыннан талай сүрініп, құным қайтар. Мүсіркеуін біреудің тілемеймін, Өз өлеңім өзімнің мұңымды айтар! Жүрегімді тулатып жалын құмар, Өз өлеңім өзімнің жанымды ұғар. Мұң қажаған кеудемді көрге тығып, Мүмкін талай мықтыны табындырар?!   Өз өлеңім болмаса өзегімде, Бұл дүниенің бүлкілін  сеземін бе?! Мынау өмір қалмай ма жетімсіреп, Мен де жырлап өтпесем кезегімде. Өмірімді өксулі, сенерім кем, өрнектеймін өзімнің өлеңіммен! Тұрлауы жоқ, әйтеуір, тағдырыма, жырларымды қалқан ғып келемін мен!   Сұхбаттасқан Гүлмира САДЫҚ   Ақын Елена Әбдіхалықованың жырларынан   КӨК  ТУ Жарқыраған күн КӨК  ТУЫМ, нарқыңа қандым! Көне ғасырдың кеудемді қалпына малдым. Ұмай ананың ұршығы салған өрнекті, Ұшқыныменен зерледім АЛТЫН  АДАМНЫҢ!   ИЕ  – КҮН  күлсе шуағы  ұшады борап, Шұғыласындақағадықұсәніқанат. Көгілдіркөктіңкөтергенжелегісынды ТУЫМ тұрәне, солкүндіқұшағынаорап!   Тумай да қайтабасымабұлакүнтаңы, Тұрғайдепамантілейдісірә да ұрпағы. Құзғын мен қарғакөзімдішоқымасындеп Қондырдымәкепдаламныңқыранынтағы.   Жағаданаларжаушықсажатқылықтанып, Үркедіөзі-ақ, көргендеаптығыпбарып – көтергеншақта  КӨК ТУДЫ көзікпегейдеп, Әулиелердің Асасын сап қылыптағып.   Аюға–айбат, жыланға – дарымайзәрдің уытыкетсе, Ұлығатағықайралдым  – Хан тәжінкиіпшалқыдым  КӨК  ТУЫМ болып, ШақыртыпкөккеаруағынАбылайлардың!   Бер, мейлі, қайғыкешуді, тепкінімаған! БАЙРАҚСЫЗ  басымжетімдей, тоқтығықараң! Жаным мен тәнім – садаға! Жолыңдасенің! Желбірептұрсакөгімде КӨК  ТУЫМ   аман!   БІР КҮНІ.... Сізден алыс кетермін,  күзден алыс Бір мекенді қияннан іздеп алыс, Басқа ғұмыр кешкенде мендегі мұң, Басқа арнаға түскенде сіздегі ағыс.   Сізден алыс- Алыстап жүрегімнен! Жалғыз Сізге  сол  іңкәр  гүл еріннен, Бір қиянда белгісіз кеңістікте Бір бейтаныс  жұлдыз боп жүремін мен.   Көрінгенде шарасыз маған жүрек, Қарамайсыз білемін, оған жүдеп, Ойлауыңыз мүмкін-ау сонда мені Оралмасқа кетті деп, жоғалды деп!   Өзіңізге бағыштап әр жолымды, Бұл жақта да дүние тар көрінді. Мүмкін мені жоқтарсыз, кім біліпті? Мүмкін мүлде сезбессіз бар-жоғымды.   Ал, әзірге әлемде  біз ғанамыз, Тағдырлары  толассыз  тұнған аңыз. Болашақты бетке алып барамыз біз, Уақыт  атты шанамен сырғанағыш.   Бағытымыз белгісіз! Кім боламыз? Мүмкін мәңгі сейілмес мұң боламыз! Сізге деген сөнбейтін махаббатпен Өтері рас, әйтеуір бұл қара қыз. *** Сізбенен танысқалы ойымнан басқа жандар алыстады. Мен бірақ  қолым созып жүргендеймін, Жұлдызға қолым жетпес ғарыштағы. Сізбенен тілдескелі, Толтырып көкірегіме гүл дестені. Кеудемде  күмбірлейді бір тылсым үн, жүрегім бұрын-соңды білмес, тегі. Сізбенен кездескелі Бар-ау деп бұл жалғанда сезбес мені. Қуаныш, шаттық толып айналама, Жоғалды үміт – нұрдың көзде өшкені.   Сіз маған қош дегелі, Сүйрелеп сүлдері жоқ бос денені. Меңіреу, мылқау жандай бұл жалғаннан, Сезбеймін ештеңені.   Сізді мен аңсағалы... Жүрегім бұлқынудан шаршамады. Елесің болып есіп таң самалы, Елітіп ессіз дүние ән салады. Бәрін де көтеремін, тек Сіз үшін, тағдырым қанша қайғы салса – дағы.   ӨМІР ЖАЙЛЫ... Өмір жайлы сұрай көрме, сен менен!.. ...оған жауап тапқан, сірә, пенде емен... Тірісінде Құдайсынған жандарды, Өлгеннен соң ойлайтындар кемде-кем!...   Өмір не деп, сұрай көрме, сен менен! Сұм тірліктің сырын ұққан пенде емен... Сүйкімсіздеу болса-дағы тағдырың, Сол өмірді сүйе білсең, жөн дер ем....   Өмір не деп, сұрай көрме, қымбаттым, Өзектіге жұғымы жоқ сырғақпын... ....Өмір деген жеңісі ғой сәттердің- өзге сүйген гүлі болсаң бір бақтың!   Өмір жайлы білгің келсе, ақылдым.. Ғұмыр бойы сырын іздеп аһ ұрдым... Жан азабын сезіне алсаң - сол - Өмір Қырық жаста қыршын кеткен ақынның!   Кеудеде -арман, жаратушың қолдаса, Жоқшылығың -жаман емес ол да аса! Бақыттысың - шүкір етіп бәріне, Байлық атты бас ауруың болмаса.... Ал, қалғаны - далбаса!   ТАБЫЛДЫҒА Ей, өлі дос! Менен жырақ алып кетті сені көш, Кең дүниеде көрісерге жан таппай, Қалды, міне, көңілімнің көлі бос...   Бәз біреудің ауызынан үріп от, Тасада аңдып, бірі жолдап күліп оқ, ...кеше сені өлтіріскен пиғылдар мені де ертең түгеседі түбі жеп...   Тірілер көп: тірек болар ІРІ жоқ, Бірі - надан, бірі боқтың құлы боп... Кеше саған қайғы болған қауымның қабағынан нұр төгілер түрі жоқ...   ...биіктесем биліктіге ас батпай, дос мысқылы, қас табасы асқақтай ... Ей, өлі дос, саған шағам мұңымды Тірісінен бұл қазақтың дос таппай...   Туыстан да тірек көрмей түңіліп, Күрсініспен өтіп жатыр күн ұлып, Сен тіріде шақыратын бір арман, Сен тіріде жетелейтін бір үміт....   ...соның бәрін тәрк еттің де қиып шын, Кете бардың-Көк жүзінде бір ұшқын.... Тірілерге түсініксіз жүректе Өлі бейне, өзің ғана Биіксің!