Танымал театр сыншысы Әшірбек Сығай дүниеден өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, театртанушы Әшірбек Төребайұлы Сығай 68 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Танымал театр сыншысы Әшірбек Сығай дүниеден өтті Әшірбек Сығай 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында өмірге келген. 1969 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

1974 - 78 ж. Қазақстанның Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы, 1978 - 79 ж. Алматыдағы өнер басқармасының бастығы әрі коллегия мушесі, 1979 - 83 ж. Қазақстан КП ОК-інің мөдениет бөлімінде нұсқаушы, 1983 - 89 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, 1989 - 91 ж. Алматы театр және кино институтының ректоры, 1991 - 94 ж. Қазақстан Мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

"Іңкәр шақ" (1978), "Сыр сандық" (1981), "Сахнаға сапар" (1990) атты бірнеше кітаптардың авторы. Кентау және Түркістан қалаларының Құрметті азаматы.

Театр сыншысы соңғы жылдары Астанадағы Қазақ ұлттық Өнер университетінде қызмет етті.

Источник: BAQ.KZ