МҮШӘЙРА!!! "МӨЛТ ДҮНИЕ!.." АЙАРУ

МҮШӘЙРА!!!  «МӨЛТ ДҮНИЕ!..»  БІР ШУМАҚҚА БІР ЖҮЗ ДОЛЛАР!

 

Qazaquni.kz ұлттық порталы  бұрын-соңды болмаған  мүшәйра жариялайды!!! 

«МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты бұл мүшәйраға жарық дүниенің  жалт еткен бір сәулелі сәтін бейнелеген суретке арнап бір ғана шумақ жазсаңыз жетіп жатыр. Тақырыбын да өзіңіз қоясыз.

Бәрінен асып түссеңіз, оқырмандардың көп дауысын алсаңыз,

бір ғана шумағыңыз үшін бір жүз доллар (18 000 теңге+) аласыз...

 Жеңімпазды оқырмандар пікірі  мен әділқазы қорытындысы анықтайды. Бір шумақтан құралған ақындар бәйгесіне әділқазы да бір ғана адам болады. Әр мүшәйрада әр ақын әділқазылық етеді.

Мүшәйраға қатысу мерзімі де   ары кеткенде бір ай көлемінде. Мүмкін одан қысқа уақытта да шешілуі  мүмкін...  Ақындардың жасына шек қойылмайды.  Мүшәйраға жолданатын шумақтар бірден оқырман оқып, ойын білдіру  үшін  пікір-коммент орнына жазылады.

 Мүшәйра арналатын  сурет сайт редакциясы мен оқырмандар тарапынан да қабылданады.

Жеңімпаз qazaquni.kz ұлттық порталында, сонымен қатар «Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналы мен сайтында және т.б. бірнеше сайттарда жарияланады.

Әділқазылық еткен ақын  аты қорытынды шыққанда жарияланады.

Сонымен, бір шумақ, бір жүз доллар, бір әділқазы, бір демеуші, бір ай мерзім.

 

Алғашқы мүшәйраны ақын Қазыбек Иса өзі бастап, бәйгені де өзі тігіп отыр.  

(Сурет Гүлмира Әлжанованың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)

Мөлт дүние...

АЙКЕЗБЕ АРУ

АЙЛЫ ТҮННЕН ӘУЕН ТЫҢДАП ӘРҚИЛЫ,
АЙДАЙ АРУ АЙ АСТЫНДА ШАЛҚИДЫ...
АЙДЫНДАҒЫ АЙ СӘУЛЕСІН АУЛАУМЕН,
АЙМАҢДАЙ ҚЫЗ  АЛАУ КЕШІП ҚАЛҚИДЫ...

Қазыбек Иса

 * Мүшәйра туралы жарияланымдар:

«МӨЛТ ДҮНИЕ!.. АЙАРУ»  атты МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ! http://www.qazaquni.kz/?p=32120

МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” Көш-керуен

http://www.qazaquni.kz/?p=32482