Шымкент - қазақтың ең көне қаласы
2014 ж. 17 қазан
9055
4
Ғалымдардың айтуынша, қаланың жасы 2200 жылдан асыпты. Белгілі археолог Бауыржан Байтанаевтың тобы бірнеше жылдан бері көне Шымкент қалашығын зерттеп, біздің заманымызға дейінгі 8-ші ғасырға тиесілі жәдігерлерді тапқан деп хабарлайды КТК арнасы.
Мәселен, жер қойнауынан тұтастай керамикалық кешен анықталыпты. Деректерге сүйенген ғалымдар Шымкент Қазақстандағы ең ежелгі қала дейді. Яғни, Орта Азиядағы Афрасиаб, Бұхара секілді шаһарлармен шамалас.
Бірнеше құрлықтан келген ғалымдар да Шымкенттің 2 мың жылдан асатын тарихы барына келіссе де, мұны ресми түрде бекіту қажет деп отыр.
Яғни, оны ЮНЕСКО мақұлдауы тиіс екен. Ал, ЮНЕСКО-дан келген уәкілдер болса 2017 жылы ресми түрде Шымкенттің 2200 жылдығын атап өтуіміз әбден мүмкін дейді.
"Сонау өзіміздің осы жердегі бабаларымыз, көпенді халықтар бар, отырықшы халық бар осы жерде өмір сүрген. Және де өздерінің заттарын қалдырып кеткен. Бірнеше көне қорымды біздің шахардағы қаланың астынан біз қазып тауып алдық. Сөйтіп, оны дәлелдеп отырмыз. Бұл кездейсоқ жағдай емес", - дейді тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаев.