Қазақстандық ғалым Испанияда әл-Фарабидің 10 трактатын тапты
2014 ж. 15 қазан
2287
4
Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі Испаниядан әл-Фарабидің 10 трактатын тапты. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.
"Профессор Әбсаттар Дербісәлі Рабат және Касабланка кітапханалары мен Фес қаласындағы (Марокко) Х ғасырда құрылған әл-Карауин университетінің қорынан қазақ халқының орта ғасырлық тарихы мен мәдениетіне қатысы бар маңызды жазба дереккөздерін тапты. Ғалым Испанияның Эскурила кітапханасынан Әбу Насыр әл-Фарабидің бұзау терісіне жазылған 10 трактатын тапты", - делінген сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында таратылған ақпараттық парақшада.
Әбсаттар Дербісәлі бұрындары әл-Фарабидің тек 10 трактаты Алматыда жарияланған деді.
"Мен ол кітапханада 10-11 күн жұмыс істеп, не тптым десеңізші? Ол мен үшін күтпеген жәйт болды, мен осы кітапхананың қол жазбалар қорынан Әбу Насыр әл-Фарабидің бұзау терісіне жазылған 10 трактатын таптым. Әл-Фараби 100-ден астам трактаттардың авторы. Қазақ ғалымдары 60-шы жылдары орысшаға және қазақшаға аударып 10-шақты трактарттарды басып шығарған. Міне тағы 10 трактат табылып отыр", - деді ол.
Әбсаттар Дербісәлі Эскурилдің кітапханасынан Сайрамда тұрған орта ғасырлық үш ғалымның қолжазбаларын тапқанын айтты.
Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ кафедра меңгерушісі Қалқаман Жұмағұлов Ватиканда Аттиланың бұрын беймәлім болған суретін тапқанын мәлім етті.
Әңгіме Ватикан мұражайының құрамына кіретін геграфиялық карталар галереясы туралы болып отыр.
Бұл ретте осылар "Қазақстан тарихының шетелдік мұрағаттардағы дерек көздері" жобасының аясындағы ғылыми іссапарлар барысында табылғаны айтылады.
Хабарда айтылғандай, жаңа құжаттар мен артефактілерді іздестіру жалғасуда.