Жаңа пирамида табылды
2014 ж. 28 тамыз
2425
1
Мексиканың Юкатан түбегін зерттеп жатқан ғалымдар тобы бұрын белгісіз болып келген тарихи екі қаланың орнын тапты деп жазады Baq.kz.
Мұнда сарай ғимараттары мен үйлер және 15 метрлік пирамида жақсы сақталып қалған деп жазады The Washington Post. Алғашқы қала Тэмчен деп аталады (қазақ тілінде "терең құдық" деген мағынада).
Екіншісі - Лагунита. Оны америкалық ғалымдар осыдан 40 жыл бұрын тапқан болатын. Алайда, уақыт өте қала орналасқан жерді тарихшылар қайта жоғалтып алған.
Тарихи нысанда зерттеу жүргізіп жатқан археологтар ғибадатханалар мен иероглифтердің де керемет сақталып қалғандығын айтуда. Осынау жәдігерлер майя тайпасының Орталық облысы аталып кеткен аймақты тереңірек тануға мүмкіндік береді дейді ғалымдар. Қазіргі таңда бұл аймақ мемлекеттің қорғауындағы қорық.