«Жалындап өткен жас ғұмыр» республикалық жыр мүшәйрасы өткізіледі!!!

Ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшайрасының ережесі.

2014  жылдың  10-қазанында ОҚО, Түркістан қаласының ХҚТУ-нің мәдениет сарайында «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты Республикалық  жазба ақындардың жыр мүшайрасы  өткізіледі.       

 Мақсаты:

Ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай ақын - жазушының рухын тербетіп, халқының бақыты жолына арнаған өмірі мен   шығармашылығын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше дарынды жастарды іздеп табу;

Ережелері мен шарттары:

- Мүшайраға  18-35 жас аралығындағы ақындар қатыстырылады.

- Мүшайраға бұрын еш жерде жарияланбаған 2 өлеңін жібереді.

1. С.Ерубаевқа арнау;

2.  Түркістан туралы;

- Өлеңдерін А4 форматты қағазда компьютерде теріп, 2 дана етіп ұйымдастырушыларға ұсынады.

- Шығармалар  8 шумақтан аспауы керек.

- Үміткерлердің шығармаларын  қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

Бағалау талаптары және жеңімпаздарды марапаттау:

І-орын (біреу) -  300,0 мың.

ІІ- орын (біреу) -  200,0 мың.

ІІІ-орын (екеу) 150,0х2 д - 300,0 мың.

Арнайы жүлделер: (он) 20,0х10 д - 200,0 мың.

- Жеңімпаз атанған үміткерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылады.

- Үміткерлер шығармаларын 2014 жылдың  22 қыркүйегіне  дейін Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйіне тапсыруы тиіс. Іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып,  кітапшаға енгізіледі.

Ұйымдастырушылар төмендегі құжаттар бойынша қабылдайды:

- Өтініші

- Шығармашылық мінездеме.

- Жеке куәлігінің көшірмесі

- 9 х 14 түрлі-түсті  фотосуреті

- Үй  және  ұялы  телефондары

-  Шығармалары  (2 дана)

 

Мүшайраға қатысушылар  төмендегі мекен-жайға жіберілуі тиіс:

ОҚО, Түркістан қаласы,

Есімхан алаңы, №1

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі.

Байланыс телефондары: 4-21-81, факс4-21-67,

пошта:tur_madeniet@mail.ru

Ұйымдастыру алқасы,  Түркістан  қаласы  әкімдігі.