Қазақстанда Эрмитаж филиалы ашылады
2014 ж. 25 тамыз
2097
0
Қазақстанда Ресей мемлекеттік Эрмитажының филиалы ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайының 10 жылдығына арналған дөңгелек үстелде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Жақында ғана Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет саясатының тұжырымдамасын жасақтады. Онда басты назар мұражай ісінің дамуына да бөлінген. Шынында, біз мұражайлардың ғылыми-зерттеу жұмыстардың орталықтарына айналғандарын қалаймыз», - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, осы тұста халықаралық тәжірибелер көптеп қолданылатын болады. Сондайлардың бірі - Ресейдің мемлекеттік Эрмитажы.
«Ресейдің мемлекеттік Эрмитажының рөлі мен маңызына тоқталғым келеді. Себебі ол мұражай ісінің үздік әлемдік үлгісі. 7 желтоқсанда ол өзінің 250 жылдығын атап өтпек. Біз де Қазақстанда Ресей мемлекеттік Эрмитажы филиалының ашылуы жөнінде мәселе қарастырылуда», - деді А.Мұхамедиұлы.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев http://inform.kz/kaz/article/2690453