150 жас суретші «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия 2013-2014» ЮНЕСКО халықаралық байқау-фестиваліне қатысады
2014 ж. 21 тамыз
4515
0
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаңтар-маусым айларында 5 мемлекеттің балалары өз жұмыстарын конкурстық комиссияға ұсынды.
21-22 тамызда жас қылқалам шеберлері Орталық Азия елдерінің дарынды суретшілерінің бейнелеу өнерінен шеберлік сыныптарына, халықаралық мамандардың мәдениет, өнер және коммуникация саласындағы дәрістеріне қатысады. Сондай-ақ, фестивальға қатысушылар үшін экскурсиялық бағдарлама да ұйымдастырылады. Фестиваль соңында 23 тамызда Назарбаев орталығында қатысушыларды дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттау салтанаты өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға Мәдениет және спорт министрі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы А. Мұхамедиұлы қатысады. Айта кетейік, «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия 2013-2014» жобасы 2010 жылы қолға алынған болатын.
Қазақпарат